Өлеңдер ✍️

  24.04.2023
  173


Автор: Бірлік күні

Бірлік күні береке

Бірінші мамыр келетін әр жыл сайын,
Бірлік күні береке тойланатын.
Түрлі ұлттар достастығы осы күн,
Сыйластық пен бірлікті ойға алатын.

Осы күні халықтар достастығы,
Ән мен биге ұласар ел ішінде.
Қазақ жері ұласып той думанға,
Ынтымақтың айналар жемісіне.

Биік ұстар ынтымақ пен бірлігін,
Ия осындай көп ұлтты Қазақстан,
Әрбір ұлттың құқығы қорғалатын,
Бұл жеріміз, гүлді ел — Қазақстан.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу