17.04.2023
  55


Автор: 365 күн

3 маусымда әлемде және қазақстанда дүниеге келген танымал тұлғалар

1843 жылы ғалым, табиғат зерттеушісі, өсімдік физиологиясы орыс мектебінің негізін қалаушы, Петербург ғылым академиясының негізін қалаушы Климент Тимирязев  дүниеге келді;

1929 жылы атақты кеңес тележүргізушісі, РКФСР-ның халық әртісі Людмила Соколова дүниеге келді;

1953 жылы бразилиялық әнші, Kaoma музыкалық тобының мүшесі, атақты "Ламбада" әнін орындаушы Лоалва Браз дүниеге келді;

1977 жылы Ресей театр және кино актері Петр Красилов дүниеге келді. Ол "Бедная Настя" сериалында Михаил Репнин атты князьдің рөлін сомдаған болатын;

1982 жылы ресейлік жеңіл атлет, екі дүркін Олимпиада чемпионы (2004, 2008), Ресейдің еңбек сіңірген спорт шебері Елена Исинбаева дүниеге келді.

3 маусымда Қазақстанда кім туды

1910 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, суретші Константин Баранов дүниеге келді;

1923 жылы қазақ мультипликация өнерінің негізін қалаушы, суретші және анимациялық кино-режиссері Әмен Қайдаров дүниеге келді;

1938 жылы экономика ғылымының докторы, профессор, академик, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері Көпжасар Нәрібаев дүниеге келді;

1943 жылы жазушы Орынкүл Тәжиева дүниеге келді;

1950 жылы заң ғылымдарының докторы, Қазақстанның әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі, Қазақстан конституциялық кеңесінің мүшесі Аманжол Нұрмағамбетов дүниеге келді;




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу