Өлеңдер ✍️

  15.04.2023
  64


Автор: Сүлеймен Бақырғани

ДҮНИЯДАР

Ділді байлап малға тым,
Көп түс бұздың, дүниядар.
Сұм өлімнің шәрбатын
Көпке ішкіздің, дүниядар.
Өлмейтіндей төс ұрып,
Құтырасың есіріп.
Шырақтарды өшіріп
Желің өктем, дүниядар.
Ұлды айырып атадан,
Қызды айырып батадан,
Құл ғып, күң ғып матаған,
Еңіреткен, дүниядар.
Әуелді де білмеген,
Ақырды да ілмеген,
Барлық жердің кірлеген
Қасына қонған, дүниядар.
Атаң, анаң – қайғыда,
Нәпсің боққа тойды ма? –
Барша жанның қойнына
Ашына болған, дүниядар.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу