09.04.2023
  443


Автор: Әсерлі әңгімелер

Әйелдеріне ажал сыйлаған еркек - 1 бөлім

Есімім Назерке. Елден ерекше дараланып жүретін, қара қыз едім. Шашым ұзын қалың. Арық келген бойым ұзын. Сабағым да жақсы шүкір. Сыныбының топ басшысы едім. Менде барлығы жақсы болды. Мен бесінші сыныпты бітіргенде, әпкем тұрмыс құрды. Көрші ауылға тұрмысқа шығып, кейін қалаға бөлек шығып кетті. Ал ағам мен тоғызыншы сыныпқа өткенде ағам үйленді. Жеңгем үйде көп қызмет жасамады. Әкем көп ішетіндіктен, "қорқамын'' деп, ағамды ертіп, екеуі бөлек шығып кетті қалаға.

Үйде әкем, анам, мен және екі інім бармыз. Анам үйдегі барлық тірлікті жасайтын. Үйде мал бар, сырттың тірлігі іштің тірлігі. Барлығы анама қарап қалатын. Мен болсам сабаққа барып келіп, інілерінің сабағына көмектесіп, анама анша мұнша көмектесіп жүрдім. Бір күндері анам қайта қайта құсып, басым деп, ауырып жатып қалып жүрді. Оған қатты қорыққан мен анамның жанынан шықпай, жылайтынмын. Анам жылама, сен мықты қызсың. Мені бұлай қорқытпа деп, маған үлкен күш жігер беріп отыратын.

Анамның ауыруы өздігінен емес. Әкем екі күннің бірінде ішетін. Ішіп келіп, тыныш жатса мейлі ғой. Анамды төмпештеп ұра беретін. Арасында оларды ажырата алмай мен жүремін. Шыны керек, миым деген шашыраңқы болып, артық нәрсеге әуестенбеппін. Бар уайымым анам болды. Мектепте үздік оқығаны мен артық іс-шараларға қатыспайтын. Себебі, артық нәрсені ойлауға шамам болмады. Ес білгелі көріп келе жатқанымыз, әкемнің анама жұмсаған қатты жұдырықтары, аяусыз тепкен аяқтары.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу