09.04.2023
  305


Автор: Әсерлі әңгімелер

Әйелдеріне ажал сыйлаған еркек - 2 бөлім

Қыстың суығы. Күндегідей сабақтан келіп, кешкі ас даярлауға кірістім. Анамның жағдайы күннен күнге ауырлай берген соң тамақты өзім жасап жүрдім. Қатты қиынға соққаны рас. Бірақ амал жоқ. Анам аман болсыншы деп, күнде Құдайдан тілеп жүрдім. Бауырларыма қарайласу, үйдің де сырттың да тірлігі бәрі өзіме қалды. Сабағым да бар. Мен үшін бұл жыл ауырған соқты. Анам бір күндері тіпті нәр татпай қойды. Анашым ішші, анашым тамақ ішші, су ішші деп әрең дегенде бір екі қасық жұтқызатынмын. Ал әкемнің анамда жұмысы жоқ. Үйге келмегенін біраз күн болған. Бүгін келіп қалар, бүгін келіп қалар деп жолын тосумен жүрдім. Көрші ауылда нағашы әпкем тұратын. Болмаған соң сол кісіге хабарластым. Одан анамның ауруы туралы жасырып жүргенбіз.

Әжем келгенде анамды көріп шошып кетті. Мен де жыладым, олда жылады. Анам байғұстың жылауға да шамасы жоқ. Күзгі гүлдей солып қалғаны сонша, көзінде жасы да қалмағандай. Анама қарап, балаларға баскөз болыңыз деп айтуға ғана шамасы жеткендей, одан соң ақтық демі үзіліп жүрегімізді қақ айырды.

Сол күні әкем келді. Анамды қимай зар илеп, жылап сықтап жатқан мені көріп, тіпті жылама деп айтуға да дәті бармады. Еркек қой, көзінен бір тамшы жаста үзілмеді. Іштен тынып, өкініп өксіп жатқаны көздерінен анық көрініп тұр. Мен болсам ақ анашымның о дүниеге аттанғанына әлі де сене алмай, жүрегім қан жылап, екі көзімнен жас тоқтар емес.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу