08.04.2023
  249


Автор: Бодо Шефер

КАРЛДЫҢ ОТБАСЫ

Карл өзіндік сана туралы білген сайын сұрағы да көбейгеніне таңқал-ды. Ол сұрақты Марктен басқа кімге қоя алады? Қайтар жолда ұшақта олар ұзақ әңгімелесті.


– Өлім аузында жатып, қалай бәрі жақсы дей аласың? – деп сұрады Карл.


Марк бір минут үнсіз қалды да:


– Дегенмен бәрі жақсы аяқталды емес пе! – деді. Карл оған сенімсіздікпен қарады, ал Марк жалғасты-


рды:


– Мен осыған дейін жаман өмір сүрген жоқпын деп ойладым. Менің өмірде жақсы көрген нәрселерім көп болды, көп нәрсеге үйрендім. Мен көп жетістікке жеттім және ол жетістігім көп адамға маңызды болды. Сондықтан мен өлімге сабырмен қарадым. Дегенмен тірі қалғаныма қуанамын, – деп Карлға көзін қысты.


Сонан соң ол ұялы телефонын қолына алды. Бірнеше минуттан кейін Карлға хабарлама келді.


 


Дос болған адамдарымыз біздің өзімізді баға-лауымыз бен өзімізге сенімділігіміздің бейнесі болып табылады.


 


Карл Маркке таңдана қарады. Марк болса:


– Мен әлі саған өмірімді сақтап қалғаның үшін алғыс айтпаппын, - деді.


 


– Мен құтқара алғаным үшін қуаныштымын, – деді Карл.


– Сен менің машинамды соғып кеткенде не айтқа-ным есіңде ме? – деп сұрады Марк.


Карл иығын қиқаң еткізді.


– Мен саған: «Жаңа таныстық – жаңа мүмкін-дік» дегенмін. Енді екеуміз де оның тап солай екеніне сенімдіміз деп ойлаймын. Сен менің өмірімді құтқардың, ал мен сенің кім екеніңді анықтауға көмектестім.


– Аннаны да ұмытпайық, – деді Карл махаббатқа толы көздерін жоғары көтеріп: – Оның бар екенін білсем, сенің машинаңды ертерек соғар едім.


Марк ішімдікке тапсырыс берді, олар стақандарын соғыстырды:


– Достығымыз үшін! Сонан соң Марк:


Егер біз өзімізді жақсы көріп, өзімізді бар болмы-сымызбен қабылдасақ, өмірімізге таңғажайып жағдайда жақсы адамдар келе бастайды.


Бұл тек кіріспесі ғана екен. Марк жалғастыра берді: – Мен тірі қалғаным үшін саған алғыс айтамын, мен


де сен үшін бір нәрсе жасағым келеді. Мен сенің шынайы әлеуетіңді ашуға көмектескім келеді. Менің көмегімді қабыл аласың ба?


– Мен қарапайым адаммын, менің бойымда ешқан-дай ерекшелік жоқ. Сен онсыз да мен үшін көп нәрсе жасадың, – деп қарсыласты Карл.


Ең зиянды өтірік: «Мен қарапайым адаммын ...» деген сөздерден басталады. Оның артында: «Мен үнемі осындай болғанмын және болып қала беремін» деген сөз тұр. Бұл жалған. Барлық табысты адамдар кеше қандай болсаң да, ертең өзгеруің мүмкін екенін жақсы біледі. «Қарапайым адаммын» деп өзіңе жоқ шекараны қойып аласың.


 


Карл ойланып қалды. Ол Марктің айтқандарын толық түсінген жоқ. Бұған дейін ... ертең ... шекара... Ол не айтқысы келіп тұр?


– Мен оқуымды тастаймын деп шештім. Менің ата-анама бұл ұнамайды, қатты ұнамайды. Бұл бүгіненен бастап менде үлкен проблема деген сөз. Маған сенің моральдық қолдауың қажет, – деді Карл.


– Оның орнына немен айналысасың? – деп сұрады Марк.


– Актер болғым келеді. Ол үшін не істеу керек екенін тіпті білмеймін де, бірақ менің шынайы арманым осы.


– Көп адам бұндай арманнан тіпті қорқуы да мүмкін. – Иә, ақылға сыймайды.


– Бір қатарға тұрған адамдардың ішінен сытылып алға ұмтылған адам жынды секілді болып көрінуі мүмкін. Егер адам ерекше бір нәрсеге қолжеткізсе, ол басқаларға ұқсамайды деген сөз. Ол жалпыға бірдей шешім қабылда-майды. Олай болса, жындылардың қатарына қош келіпсің. – Ата-анама тап осылай түсіндіремін. Мен енді


жындымын деп айтамын, – деп әзілдеуге тырысты Карл. Марк оған бірнеше ақыл айтты. Ол оған адамды басқа


адамның бағалауы мен өзін өзі бағалауы тұжырымдама-сын түсіндіруге тырысты.


– Сен өзіңді қалай бағалайсың? Біреулердің пікірі бойынша ма? Әлде өзің солай ойлайсың ба? Егер сені айналаңдағылардың саған қарым-қатынасы көп толған-дыратын болса, онда өз мүддеңді ұмытуыңа тура келеді. Өзіңнің көзқарасыңды қорға.


Карлға бұл ой тым абстрактілі болып көрінді. Ол Марктің мысал келтіруін өтінді.


– Мексикада мен сыра алып едім ғой, есіңде ме? Сен де тапсырыс бергенсің, алайда бір-екі ұрттадың да қойдың. Саған сыра ұнай ма? – деп еске түсірді Марк.


– Тіпті жек көремін, – деді Карл.


 


– Онда неге тапсырыс бердің? – Өйткені сен тапсырыс бердің.


– Осылайша маған жақын боламын деп ойлайсың ба? Сен өзіңе ұнамайтын, өзіңнің болмысыңа жат нәрселерді жасайсың. Мүмкін бұл майда-шүйде нәрсе боп көрі-нер, дегенмен өз ұстанымыңнан бас тартты деген сөз. Өзіндік сана дегеніміз сен өз құндылығыңды сезінесің, өз бағаңды білесің дегенді білдіреді. Саған өмір сыйланған-дықтан мына жер бетінде өмір сүресің, өмірге келгендегі мақсатыңды жүзеге асыру үшін осы сыйды пайдаланасың. Сен басқаларға қарағанда қолыңнан жақсы келетін нәрсені           жасайсың           және     сен       оны      жақсы көресің. Бұл әлемді жақсарту үшін жасайтын сенің мүмкіндігің.


Карл ойланып қалды. Ол өз еркімен юрист болмас еді, бұл ата-анасының қалауы. Әрине осылайша ол ата-анасының құрметіне ие болғысы келді, ең бастысы стрес-стен қашты. Сонымен қатар олар бұл үшін қолынан келгеннің бәрін жасап, үлкен үміт артты ғой!


Біраз уақыттан кейін Марк:


– Әке-шешеңмен сөйлескен кезде өзіңнің дұрыс-тығыңды дәлелдеп отырғаныңа сен. Маңызы да осында. Сен арманыңның қаншалықты күшті екенін байқайсың. Бұл сен үшін жақсы жаттығу болмақ. Сен қандай жағдай болса да әртіс болғың келеді ғой? Олай болса, сен оларды сендіре аласың. Бірден болмаса да, уақыт өте келе сенеді.


 


 


Карл үйінің есігінен аттағаны сол екен WhatsApp-қа Марктен хабарлама келді:


 


Сені айналаңдағылар түсінбеуі мүмкін деп өмір сүруден қорқынышты нәрсе жоқ. Олардың түсінуі міндетті емес. Бұл сенің өмірің!


 


Карл ойланып қалды.


– Мына хабарламаны әке-шешеме жіберу керек. Оған тек: «Мен оқуды тастап, бүгіннен бастап актер боламын» деп қосып қою керек.


Ол ата-анасына ертең келем деп ескертіп қойды. Түнде қай-қайдағы түсіне еніп, нашар ұйықтады: қызыл свитерлі егде әйел оны бір қап-қара ағаштан түсіріп алмақшы болды. Ағаш оған қорқыныш дарытады. Ол әйелдің сөзінен ештеме ұққан жоқ, сонда да ағашқа шықпақшы болды да құлап түсті. Бақытына орай Анна келіп қалып, оны тұрғызып, алып кетті. Бұның бәрі нені білдіреді екен?


Келесі күні күлгін күнделіктен тағы жаңа жазу көрді. Онда былай деп жазылыпты:


 


Сенің қолыңнан түк келмейді, сен аса жақсы адам емессің деп жалған сөйлегендерге нанбауың керек. Оған қоса өзің де мұндай нәрселерді айтпауың қажет.


Шын мәнінде сенің болмысың сенің қолыңнан келетін және сен жақсы көретін нәрселерден құралады. Бұны сен жүз пайызға білмесең де, бұл сенің бар болмысың. Өз-өзіңе сенімді болу үшін бар болмысыңмен жақсы екеніңді ұғынуың керек.


Әрдайым толыққанды тұлға екеніңді, бәрі қолыңнан келетінін ойла. Бәрі жақсы. Егер өзің туралы жақсы ойласаң,      жақсылықтың     бәрі     сен      үшін    орында-лады.     Өйткені  сен        керемет өмірге     лайықтысың. Егер сен оған сенімді болсаң, сен жұмақта болғаның.


Сенің жолыңда: «Сенің қолыңнан келмейді. Сен оған жара-майсың» дейтін адамдар кездесуі мүмкін. Оларға қарама, өйткені бұл қорқыныш жолы. Олардың айтқаны емес, сенің оларға қайтарған жауабың маңызды.


Махаббат жолымен жүр. Бақытыңа қарай жол тарт. Өзіңді бақытты ететін оқиғаңды құрастыр.


 


«Бұл жолмен жүрмес бұрын, ең алдымен ата-анамды жеңуім керек» деп ойлады Карл. Кеше Маркпен әңгімелескеннен кейін өз бойынан батылдық байқаған еді. Бүгін оның бәрі жоқ болған, өзін кішкентай және бейшара сезінді. «Мен ата-анаммен сөйлесуге қорқамын. Мен қашан адам боламын. Қорқақпын» деді өзіне өзі.


Осы кезде бұл өзін қарапайым адаммын деген-де, Марктің айтқан сөздері есіне түсіп кетті. Марктың айтуынша, ең зиянды өтірік осыдан басталса керек. «Мен өзімді-өзім шектеп тұрмын» деп ойлады Карл.


Ол Марктың барлық кеңесін қолдануға тырысты. «Бұл күнге дейін мен әлсіз болдым. Енді ата-анамның алдында өзім үшін маңызды нәрселерді қорғауға дайын-мын. Мен барлық мүмкіндікті пайдаланамын. Менің қолымнан келетініне сенімдімін. Енді маған тек сену керек».


Карл айнаның алдында жаттығу жасауға тырысты, ол уәде берген еді ғой. Алайда басына бір ой келсейші. Мексикада бәрі оңай болып көрінген. Небары екі күн өткен жоқ па! Енді ол өзіне: «Сен аянышты жансың және қорқақсың» деп айтқысы келді.


«Алайда жаттығудың мәні мұнда емес қой» деп кекесінмен өзіне ескертті Карл, тіпті езу тартып қойды да: «мен өзімді батыр сезінбесем де болады. Батыр сияқты батыл әрекет етуім керек» осылай деп дон Хосе айтпап па еді. Сондықтан Карл бар ерік-жігерін жинады да, жаттығу жасай бастады. Шынымен де жеңілдеп қалды.


«Басымды кесіп алмайды ғой олар» деп өзін басуға тырысты. Бірақ күрсінді де, сол мезетте: «Жоқ, тап соны істейді, басымды кеседі» деді.


«Сайтан алғыр, мен тағы да басқа ағаштың дауысына құлақ түріп тұрмын ба?» деген ой келді басына.


Ұялы телефон WhatsApp-қа хабарлама келгені тура-лы белгі берді. «Бұлай болмайды. Маған басқа ағаштың дауысы керек» деп ойлады Карл. Экранда былай деп жазылған екен:


 


 


Біреу саған ештеңе қолыңнан келмейді дейтін болса, бұл сенің емес, оның шекарасы екенін есіңе түсір.


 


Ата-анасымен әңгіме өзі ойлағаннан да жаман өтті. Олар Карлды жазғыра бастады, оның жақсылықты білмейтін адам екенін, оған істеген бар жақсылықты ұмытып кеткенін айтып кінәлады.


Олардың айтуынша бұл шынайы өмірден алыстап кеткен. Кім болмақ, актер болам дей ме? Елге күлкі болмақшы ма! «Одан да барып лоторея ойна, ол жерде мүмкіндігің мол. Сенің ешқандайда әртістік қабілетің жоқ. Біз сенің ата-анаңбыз, біз сенің қабілетіңді жақсы білеміз. Әртіс жойқын күшке ие болуы керек, сенің мінезің оған сәйкес келмейді. Сен былжырсың, жігерсіз-сің. Адвокат болсаң бұл мінезіңді жасыруға болушы еді. Бірақ әртіс елдің алдында жүреді. Мықты персонаждарды қалай ойнамақсың? Сенің мүлде мүмкіндігің жоқ!» деді олар.


«Бір күмәнді гурумен кездестім» деп үміт күткен болашағын            осылайша         күл-талқан        етуге                      бола             ма? Ең болмағанда «қалтаңда дипломың болу керек қой» деп қоймады тағы да олар.


Карл әзілдеуге тырысты:


– Диплом қалтаға салып жүру үшін берілмейді, – бірақ оның әзілін қабылдайтын адам болмады.


Мәселе оның намысына тигенде емес, ата-анасы шынында да дұрыс айтқан еді, оның мінезі тым жұмсақ еді.


 


«Мен тағы да қарапайым адаммын деп бастадым ба?» деген ол әжетханаға қашып кетті де, ұялы телефонын қолына алды, үмітпен экранына қарады. Ештеме жоқ. Ол енді алдыңғы хабарламаларды оқи бастады:


 


Сені айналаңдағылар түсінбеуі мүмкін деп өмір сүруден қорқынышты нәрсе жоқ. Олардың түсінуі міндетті емес. Бұл сенің өмірің!


 


 


Біреу саған ештеңе қолыңнан келмейді дейтін болса, бұл сенің емес, оның шегарасы екенін есіңе түсір.


 


 


Әрине, бәрі дұрыс. «Бірақ бұл менің ата-анам ғой. Неге бәрі осыншама қиын? Мүмкін, мен бірінші ағаштың дауысына көбірек құлақ салдым ба екен? Мен әлі екінші ағашты тыңдауға дайын емеспін».


Осы кезде басына бір идея келді: айнаның алдын-да жаттығу жасау керек. Ата-анасы естіп қоймасын деп сыбырлап айта бастады:


– Мен Карлмын. Мен актер болғым келеді. Анна да менде осыған лайық қабілет бар деді. Қазір сол үшін – өз арманым үшін күресіп жатырмын. Сол үшін өзімді жақсы көремін. Бәрі жақсы болады.


Өзіне қалай екенін түсіндіре алмаса да, айтылғанның бәрі оған көмектескен сияқты. Ол әжетханадан шығайын деп жатқанда Марктен жаңа хабарлама келді:


 


Уақытыңды өздерінің талаптарын орындағаны үшін сені «жақсы көретін» адамдармен емес, сені бар болмысыңмен жақсы көретін адамдармен өткіз.


 


 


Карлдың басына бір ой келді де, ол бәрін түсінді: керегі де осы еді. Тап осыны істеймін қазір. Ата-анамның алдына шығамын да өз-өзіне сенімді, шешім қабылдап қойған адамның ролін ойнап шығамын. Мен актермін ғой. Болмасам, жақында боламын.


Ол бойын сабырға жеңдіріп, тыныштала баста-ды. Қонақ бөлмеге, ата-анасының қасына келді. Басына мықты дәлелдер өзінен өзі келе бастады. Карл:


– Сіздер мені менің өзім сияқты бағаламайсыздар. Мүмкін ол дұрыс та шығар, сіздерше мен жұмсақ адам-мын. Алайда тап осы қасиетім актер болуыма көмекте-седі деп ойлаймын. Және бұл пікірім мен үшін маңызды. Мен университеттен кетем де, актер болу үшін қолымнан келгеннің бәрін жасаймын. Қолымнан келе ме білмеймін, бірақ ол үшін мен бәрін жасауға дайынмын.


Оның көрсеткен ішкі күші тек роль болатын. Ол оны жақсы ойнап шықты, алайда ата-анасы оны байқамады. Кенет Карл өзін батыл сезінді, көп нәрсені түсінгендей болды.


Шешесі жылай бастады:


– Не деген жақсылықты білмейтін бала мынау... – жүрегін ұстап, сылқ етіп отыра кетті.


– Не істедің сен? – деп айқайлады әкесі.


– Мен қазір жедел жәрдем шақырайын, – деді сабырлы қалыпта Карл. Ол бұл сабырлылықтың қайдан келгенін өзі де түсінбеді.


Дегенмен шешесі тез арада есін жиып алды. «Бұл кісі де керемет актриса болды ғой» деп ойлады Карл. Сөйтті де ол:


– Маған жақсылық тілейтіндеріңді білемін. Алайда менің де өз пікірім бар. Менің мақсатым бар, сіздер жақсылықты білмейтін адам деп есептесеңіздер де, мен мақсатыма жетем. Сіздер менің бақытты болғанымды қалайсыздар деп ойлаймын. Бірақ ол бақытты мен басқаша түсінемін.


Сосын ол кетіп қалды. Әңгіме дұрыс өрбімесе де, Карл өзін еркін және жеңіл сезінді. Ол бәрін дұрыс істеді.


 


 


Кешке жақын ол Аннамен кездесті. Олар бірақ құшақтасып отырды, Карл өзін керемет сезінді. Ол ата-анасымен болған әңгімені айтып берді.


Анна ата-анасының оны жақсы көретінін, оны үнемі қолдайтынын айтты, бірақ оның әжесі мен атасы үнемі мұның өміріне араласып, Карлдың ата-анасы секілді қалай өмір сүру керек екенін айтып отырады екен.


Ол да ұзақ уақыт бойы қиналғанын және Карлды жақсы түсінетінін айтты. Кейіннен Марктің және басқа да ақылды адамдардың көмегімен бірнеше маңызды қорытындыға келгенін, егер Карл қаласа онымен бөлісуге дайын екенін айтты. Әрине Карл тыңдауға дайын екенін білдірді.


Бірінші қорытынды: өзін сырттай бағалау және өзін өзі бағалауға қатысты. Анна бұл пікірді басқаша жеткізді:


– Тек бір пікір ғана бар – ол сенің пікірің. Қалған-дары басқа адамдардың ойлары. Мұны мен ойлап тапқан жоқпын, Вера Биркенбиль ойлап тапқан. Мен оны YouTube желісінен тыңдағанмын. Онда сонымен қатар бұл жағдайдан кез келген адам өтетіні айтылады. Вера да басынан өткерсе керек. Ол өзінің бейнеролигінде осы туралы айтып береді.


Екінші қорытынды: өз пікірің өзіңе басты ой болу үшін саған дамыған өзіндік сана қажет. Өзіңді жақсы білген сайын өз пікіріңе жүгіне аласың. Егер өзің-өзіңе сенбесең, сен үшін басқалар құрып берген жоспармен өмір сүруге тура келеді.


Карл біразға дейін үндемей қалды, сонан соң:


– Бұл шынында да өзіндік санамен жұмыс істеуге жігерлендіреді екен. Маған Марктің: «өзіндік сана бақытқа апарар жол» деген сөздері енді түсінікті бола бастағандай.


Анна басын изеді де, үшінші қорытындыға көшті: – Ол үшін айналаңа сені және сенің идеяларыңды


қолдайтын адамдарды жинауың керек. Өзіне күмәнмен қарайтын адамдармен қарым-қатынас жасауға бірде бір адам лайықты емес. Олар сені төмендете береді.


– Алайда бұл менің ата-анам ғой. Мен олармен қандай болғанда да қарым-қатынас жасауым керек қой! – деп жан даусы шықты Карлдың.


– Бір кездері мен атам мен әжеме бармай кеттім. Олар менің де арманым бар екенін, оған құрметпен қарау керек екенін түсінгенше жоламай кеттім, – деді Анна.


– Бұл қатігездік, – деді Карл.


– Иә, келісемін, алайда сен біреудің ақылымен өмір сүрсең, осылайша арманыңды көміп тастасаң, одан да жаман. Ол кезде менде дамыған өзіндік сана болған жоқ. Сондықтан да менің болашағыма кедергі келтіретін-дердің бәрінен қашуға тура келді. Жүрегіңді тыңдауың керек. Соңғы қорытындыны тыңдағың келе ме?


– Әрине, – Карл Аннаға ғашық көздерімен қарап тұр еді. Бұл керемет қыз еді – ақылды, күшті және сұлу.


Төртінші қорытынды: саған берілетін кеңестер – көп жағдайда болған жағдайды ақтап алу. Мүмкін сенің ата-анаң да бір кездері асқақ армандарын жүзеге асыра алмаған шығар. Сен өз жоспарларыңды айта бастағанда олардың да бұрынғы армандары туралы естеріне түсіп кеткен болар. Бір кездері армандарын сатып кеткені үшін ақталуға тырысқан болар. Дегенмен олар бір кездері қор-қып, арманынан қашқаны туралы айтқысы келмейді. Олар саған өздерінің сәтсіздіктерін ақтап алу үшін кеңес береді. – Қызық екен. Сонда олар әдейі істеп отырған жоқ


қой.


 


– Жоқ. Тек оларға біршама уақыт керек. Мәселе сенде болып тұрған жоқ, бар әңгіме олардың өзінде болып тұр ғой.


Карл ойланып тұрып, басын изеді.


– Тағы бесінші қорытынды бар – ең тереңі, егер саған біреу көмектессе, сен өзіңді оның алдында қарыз-дар сезінесің. Осы қарыздан қалай құтылуды білесің бе? – деді Анна.


Карл түк түсінбей, басын шайқады.


Сен бақытты болуың керек. Сен ол адам үшін табысқа ұмтылмауың керек. Сен біреуге қарыздар болсаң, сол адамның айтқанымен жүруің керек деген сөз емес қой. Бұл сенің тарапыңнан алғыс емес, сенің еркіндігіңді шектеу болар еді. Сен өзің үшін бақытты болуың керек. Бұдан асқан алғыс жоқ. Сені шын жақсы көрген адам да соны тілейді ғой, – деді Анна.


Біраз үнсіздіктен соң, Анна сөзін жалғастырды:


– Мен саған тағы бір кеңес бергім келіп тұр. Марк шын мәнінде тұнып тұрған Ми. Оның бірнеше білімі және толып жатқан ғылыми зерттеулері бар екенін білесің бе?


– Оның мамандықтарының атын да түсінбейтін шығармын мен, – деп әзілдеді Карл. Ол шын мәнінде солай еді.


Анна тізбектей бастады:


– Ол басында жалпы медицинаны оқыған, кейіннен неврология мен психиатрияға маманданған. Сонан соң эпигенетика, психоиммунология, кванттық физика және нейробиологияны тәмамдаған. Ол мидың қалай жұмыс істейтінін зерттейді, химия тұрғысынан және жасушалық биология тұрғысынан ми қандай өзгерістерге түсетінін, жадыға қандай факторлар әсер ететінін қарастырады.


– Мұның бәрін білетін болсам, мен де өзіме сенімді болар едім, – деп міңгірледі Карл.


 


– Мұнда маңыздысы басқа нәрсе. Марк осының бәрін жақсы білгендіктен өзіндік сана дегенді жақсы түсіндіріп бере алады. Ол ғылымның соңғы жаңалықтарынан хабар-дар. Қажет кезінде ол теорияны ғылыми тұрғыда түсін-діріп бере алады, мысалы бұл маған жақсы көмектесті.


Карл Аннаның кеңесін қабыл алды. Ол Маркке теле-фон соқты. Олар кездесу жайлы уәделесті. Олар келе-сі күні түскі ас кезінде баяғы мейрамханада кездесетін болып шешті. Сөйлесіп болғаннан кейін Карл Аннаға қарай бұрылды. Ол қуақылана жымиды да:


– Мүмкін, бүгін сенің проблемаларыңды шешуді өз мойныма алып көрермін, қалай қарайсың? – деді.


– Қалайша? – деді түк түсінбеген Карл.


– Проблемалардан эмоционалдық деңгейде арылу қажет. Егер оны үйреніп алсаң, шешімді тез табатын боласың. Егер сен эмоционалды тұрғыда проблемаға байлаулы тұрсаң, сенің бар назарың шешімде емес, проблемада болады. Сондықтан өзіңді эмоционалдық тұрғыда проблемадан алшақтатуың керек. Мен саған көмектесе аламын.


– Алайда проблемалар одан бір жаққа қашып кетпей-ді ғой, – дедін сенімсіз күйде Карл.


– Қазір олар алысқа ұшып кетеді, – деп сыбырлады Анна.


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу