Өлеңдер ✍️

  07.04.2023
  299


Автор: Аманжол Мақажанов

Бәрінде солай...

Жалғыз мен емес сірәда,
Мұңымен асау алысқан.
Жалғыз мен емес, байқасам
Ары мен сыры жарысқан.
Жалғыз мен емес сірәда,
Шимайдан жайы қарысқан.
Жалғыз мен емес, расында
Асау арымен алысқан.

Бәрінде мұң бар, уайым бар,
Бұғаттап алған көңілін.
Жетіспей жүрген бір жоқ бар
Өкініш өрген өмірін.

Бәріне керек қуаныш,
Бәріне керек бақыттар.
Бәріне керек бір жылу
Бәріне жетпес уақыттар.

Сабырың болса, бәрі бар,
Бағып ал бақыт қолыңда.
Аз ғана мұңға тұншықпай
Аманатыңды орында.

Кесірге салмай кең ойла,
Көңілдің кілті өзіңде.
Күңкілдеп босқа бүлініп
Шүбә келтірме төзімге.

Тек сеніміңді құлатпа,
Семсерің болар сенімің.
Сенімді өзің болмасаң,
Сыйлайды дейсің сені кім?..

Аманжол Мақажанов 30.03.2022





Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу