07.04.2023
  356


Автор: Ғарышкерлер күні

Тоқтар Әубәкіров Ғарышкер

Ғарышкер жайлы сөз ете бастасақ бірінші болып Юрий Гагарин есімізге түседі де қазақтан шыққан тұңғыш Ғарышкер ретінде Тоқтар Әубәкіров ойымызға келеді.  Ия,  Тоқтар Әубәкіров ол біздің,  қазақтан шыққан тұңғыш Ғарышкеріміз.  Оның есімі де тарих беттеріне алтынмен таңбаланған десек қате айтқанымыз болмас. 
    Қазақтан шыққан тұңғыш Ғарышкеріміз, біздің отандасымыз — Тоқтар Әубәкіров  деп мақтанышпен айта аламыз.  Ол ғарышқа  1991 жылы,  2 қазан айында «Байқоңыр»  айлағында «СоюзТМ-13» кемесі арқылы «ұшқан болатын. Оның ғарышқа сапары 7 күннен аса уақытқа жалғасты.  Ғарышта жүріп өзге да ғарышкерлермен биотехнология,  металлургия медицина салалары,  Арал аймағы бойынша түрлі зерттеулерін жүргізді.  Зерттеу нәтижесі сәтті болып Арал үстіндегі тұзды шаң борамасының пайда болу үдерісі, сол зиянды аэрозолдардың Қазақстан мен Ресей аймақтарына таралуының ғарыштық суреттері алынып,  оның атағы бар әлемге танылып отыр десек бұрыс айтпағанымыз болар. 
      Ғарышқа ұшу батылдығы мен қоса Ғарышта 7 күн 22 сағат 12 минут болып жасаған зерттеулері мен еңбектері жанымызды тербейді. Ол біздің мақтанышымыз. 

«Ғажайып Қазақстан —2050» журналының және «Ғажайып Қазақстан»  газетінің бас редакторы Жібек Искакова,  Түркістан қаласы




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу