Өлеңдер ✍️

  05.04.2023
  213


Автор: Серікбай Оспанов

Құстар ұшып келеді

Əнін шығарған Əшірхан Телғозиев
Күнде аспанға қараймын,
Қайтқан құсты санаймын.
Үш бұрыш боп тырналар
Көк жүзінде сырғанар.
Қызғыш ұшар шуылдап,
Үйрек ұшар суылдап.
Аққу өтер əн салып,
Мен тұрамын қарсы алып.
Қанаттары жалпылдап,
Қарға келер қарқылдап.
Өте қызық көктемде,
Қаздар қалқып өткенде...
Құстар, құстар келеді,
Жерді шуға бөледі.
«Көктем» болды деп бізге
Жақсы хабар береді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу