Өлеңдер ✍️

  05.04.2023
  173


Автор: Серікбай Оспанов

Жаз

Əнін шығарған Əшірхан Телғозиев
Ауыл қонды жайлауға,
Маңай тегіс жадырап.
Қозы-лақ жүр қойнауда, 2 рет
Кеткен білем жамырап?
Жаздың күні шуақты,
Ой да, қыр да тамаша.
Сағым перде сияқты, 2 рет
Жер аумағын алаша!
Жаз жайдары, алақай,
Жатыр жайнап даламыз.
Жүр, кəнекеи, балақай, 2 рет
Шомылуға барамыз!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу