Өлеңдер ✍️

  03.04.2023
  103


Автор: Серікбай Оспанов

«Арман»

Басып əр кез алға қадам,
Елден алғыс алған адам.
Ахмет ата ақ сөйлеген,
Ешкімді де алдамаған.
Мадақ сүйіп, мақтанбаған,
Кезі жоқ бір «аттандаған».
Ахаң деген бəрі сыйлап,
Ахмет деп атамаған.
Таңдай білген жолды жаңа
Ғалым адам ол ғұлама.
Əн шығарған, күй шығарған,
Айтқан қосып домбыраға.
Күтіп алдан бір жарықты,
Күресте ол шыңдалыпты.
Ел бақытын арман етіп
«Арман» деп күй шығарыпты.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу