Өлеңдер ✍️

  03.04.2023
  113


Автор: Серікбай Оспанов

Ақкөл, Ұлыжыланшық

Ахмет ата өскен жер
Ақкөл – атамекені.
Толқындатып ескен жел,
Көл əн салып кетеді.
Мұнда бəрі басқаша –
Секілді ата қиялы.
Көл ортая бастаса,
Жыланшық кеп құяды.
Жыланшық – аты өзеннің,
Ертеден ұлы атанған.
Жеріне нəр ол елдің,
Басып шөлін, бата алған.
Астың дəмін келтірер
Қара тұз да Ақкөлде.
Сыр боп, күй боп шертілер
Жыр, аңыз да Ақкөлде.
Ақкөл – нулы төріне
Бақыт тұнған мекен ғой.
Ахмет өскен жеріне
Тартып туған екен ғой!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу