Өлеңдер ✍️

  08.03.2023
  497


Автор: Айдар Сайлауов

Жұп-жұмсақ қыз


Махаббатта біз екеуміз тым сақпыз,
Сезімдерді сенімдерге жұмсаппыз.
Анашымның құс жастығы секілді,
Ет жүрегі қауырсыннан жұмсақ қыз.

Армандарым құрағанмен құр сағым,
Бұла сезім бурқантты бұл шағым.
Тәңір саған судан сұлу үн беріп,
Мінездің де сыйлай салған жұмсағын.

Санамдағы сан ойларым сабылыс,
Сол көңілден кететіндей жанып іш.
Саған қатты жақсындасам алыстап,
Алыстасам жақындайды сағыныш.

Күлкіңдегі сыңғыр етсе сүмбіл шақ,
Сен деп өлең толғатады жыр құрсақ.
Нұр әндері жібітетін жаныңды,
Бұраң белі бойжеткеннің жұп-жұмсақ.

Ақ ұлпадай үлбірейді-ау мұң шағып,
Неге сонша нәзік болдың мұншалық.
Тау соқса да теңселмейтін мінезім,
Үрпектен де әзиз әуен жүр салып.

Неге жүрек бара жатсың жұмсарып.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу