Өлеңдер ✍️

  26.02.2023
  645


Автор: Абзал Өмірәлиев Мақсұтханұлы

Көкеме тілек

Дүниеде жақыны туысқаның


Балдай шіркін Көкетай ұрысқаның


Алпыс жасты алқымдап Алла берген


Жинап жатсыз, құда жұрт туыс бәрін


 


Тілек аз ба әлемде айтылмаған


Келешектің күндерін айқындаған


Артта қалсын мұңайған шерлі күндер


Той көбейсін шаттықтан жарқылдаған


 


Келін түсер күн келсін, апам күліп


Жеңгелерім жүгірер білек түріп


Садиктің балдарындай ұрпақ болсын


Құйрық жуар апатай күліп жүріп


 


Тілек жаздым апалар ізіменен


Көп ойлайсыз "Әулет" деп бізді білем


Ағайынмен өткізген бір күн артық


Жатпен өткен жалғыздың мың күнінен




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу