14.02.2023
  1462


Автор: Жібек Ысқақова

8 наурыз халықаралық әйелдер күніне балаларға арналған тақпақтар жинағы

1) Анашым


Жарқын жүзді анашым,
Құтты болсын мерекең.
Мерекеңде өзіңді,
Әнге қосып тербетем.


2) Жан анам


Жүзі жылы жан анам,
Сіздей болсын бар адам.
Құтты болсын мерекең,
Мейірімді жан анам.


3) Құтты болсын мерекең


Асыл анам, жан анам,
Әрқашанда жүрші аман.
Құтты болсын мейрамың,
Гүл көктемнен тараған.


4) Айналайын ақ мамам


Құтты болсын мерекең,
Айналайын ақ мамам.
Гүлдей жайнап құлпырып,
Қасымызда жүрші аман


5) Гүл анам


Анамызды әрқашан,
Құрметтейміз, сыйлаймыз.
Мерекеде гүлдерді,
Анамызға жинаймыз.


6) Аппақ жүзді анашым


Мерекеңмен анашым,
Құттықтаймын өзіңді.
Аппақ жүзді анашым,
Тыңдаймын әр сөзіңді.


7) Өзің жайлы әнім де


Жан анашым, асылым,
Өзің жайлы әнім де.
Алақанда аялап,
Қамқор болған бәріне.


8) Асыл анам, ақ мамам


Асыл мамам, ақ мамам,
Өзің барда бақ табам.
Бар жақсыны тілейді,
Аман жүр деп ақ балаң.


9) Еркелетер біздерді


Еркелетер біздерді,
Айым, жаным күнім деп
Мейрімді анашым,
Жүрші аман күлімдеп.


10) Еркелейміз біздер тек


Анамызға әрқашан,
Еркелейміз біздер тек.
Анашым мен әкешім,
Аман жүрші сіздер тек.


11) Әжетай менің


Ертегі айтып беретін,
Әжетайым, асылым.
Ойлап жүрер біздерді,
Уайымдап ол жасырын.


12) Мерекеңмен әжетай


Әрбір көктем келетін,
Мерекеңмен әжетай.
Ортамызда гүл жайнап,
Жүрші аман әжетай!


13) Бүгінгі күн мереке


Құтты болсын әжетай,
Бүгінгі күн мереке.
Жақсы көрем өзіңді,
Әнге салып тербете


14) Еркелетер әжемсің


Еркелетер әжемсің,
Бар жақсыны беретін.
Әжетайым, асылым,
Бізді жақсы көретін.


15) Әжетайым, жүрегім


Ертегі айтып беретін,
Әжетайым, жүрегім.
Жайнап әже, құлпырып,
Жүрші аман, тілегім.


16) Ақ жеңешем аман жүр


Еркелетер біздерді,
Ақ жеңешем аман жүр.
Мерекеде гүл жайнап,
Ортамызда ойнап-күл.


17) Жақсы көрем өзіңді


Жақсы көрем өзіңді,
Асыл жеңгем, ақ жеңгем.
Әр көктемде келетін,
Құтты болсын мерекең.


18) Әпкетайым өзіңсің


Жанашыр жан біздерге,
Әпкетайым өзіңсің.
Қуантады біздерді,
Еркелетер сөзің шын.


19) Құтты болсын мерекең


Келіп жеткен бүгінгі,
Құтты болсын мерекең.
Әпкетайым аман жүр,
Артып шаттық, берекең.


20) Мерекеңмен сіңілім


Сіңілім менің ерекше,
Балдай тәтті тілі бар.
Барша адамды баурайтын,
Былдырлаған үні бар.


21) Сегізінші наурыз


Сегізінші наурыз, гүл наурыз,
Айтатұғын жыр наурыз.
Қуанышпен тербейді,
Мерекелі бұл наурыз.


22) Бүгін мейрам, мереке


Бүгін мейрам, мереке,
Кел билейік шаттана.
Сегізінші наурызбен,
Жүрейікші мақтана.


23) Сегізінші наурыз бұл


Халықаралық мереке,
Сегізінші наурыз бұл.
Әнге салып, билейік,
Қане досым, тұрмай құр.


24) Мерекеде ән салып


Билейікші достарым,
Мерекеде ән салып.
Мерекені тойлайық,
Бар әлемге жар салып.


25) Сегізінші наурызда


Сегізінші наурызда,
Айнала гүл жайнайды.
Өзінің гүл бағында,
Бұлбұл құстар сайрайды.


26) Қане қарап тұрмайық


Мерекеде бүгінгі,
Қане қарап тұрмайық.
Анамызды, әпкені,
Әнге қосып жырлайық.


27) Білім берер апайым


Құтты болсын мерекең,
Білім берер апайым.
Нұрын төгіп бұл көктем,
Шаттаныңыз, жоқ уайым.


28) Ерекше бұл мереке


Ерекше бұл мереке,
Әр көктемде келетін.
Анамызға, апайға
Гүл шоқтарын беретін.


29) Мерекеден шет қалмай


Бүгін шаттық, мереке,
Құттықтаймын сіздерді
Наурыздың бұл сегізі,
Қуандырар біздерді.


30) Құтты болсын мейрамың


Құтты болсын мейрамың,
Әжетайым, анашым.
Әпкелерім, сіңілім,
Апайларым дарасың...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу