Өлеңдер ✍️

  13.01.2023
  105


Автор: Есбол Бозан

МҰҢАЙМА, МЯНЬМА!

2017-ші жыл. Мяньмадағы қанды оқиға əлемді дүр сілкіндірді. Жергілікті əскерилер осы елдегі мұсылман дінін ұстанатын төрт жүздей бейбіт тұрғынды қырып салды.
Олар қазір өздерінің айыбын əр қилы сылтаумен бүркемелеп отыр. Көп уақыт өтпей-ақ шындықтың беті ашылды. Бұл
жағдайға Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған жəне Шешенстан президенті Рамзан Қадыров «геноцид» деп баға берді. Өз басым Мяньмадағы бұл жағдайды үлкен əділетсіздік деп бағалаймын. Бұны бүкіл адамзатқа  жасалған қастандық деп білемін.

Мяньма...
Халқың сенің көз жасын тияды ма?
Дүниенің бет алып қиянына,
Сендегі жазықсыз мұсылмандар
Ұшырады кəпірдің зиянына...
Аспаныңа іркіліп қара тұман,
Бір қарлығаш айырылды қанатынан.
Жергілікті тұрғындар жапа шекті,
Əділетсіз биліктің тарапынан.
Зұлымдықтың тұтанып өрті бірден,
Адамдықтың жоғалды көркі мүлдем.
Еліңдегі езгінің салдарынан,
Төрт жүз адам аяусыз өлтірілген.
Қажет кезде танытпай төзімділік,
Имансыздар сөйлейді сөзін бұрып.
Əшейінде Исламды даттаушылар,
Қарап отыр бұл жəйтқа көзін жұмып.
Залымдарға Тəңірім жар болмайды,
Жалмаған да жүрегін мəңгі қайғы.
Ұмытпаңдар көктегі жалғыз Құдай,
Бұның бəрін есепсіз қалдырмайды.
Имансыздар білмейді тозақ барын,
Мына өмір оларға ғажап, мəлім!
Жəһаннамның қасында ештеңе емес,
Тартып жатқан сіздердің азаптарың.
Шуақтанып рухани тұстарың дəл,
Əрдайым иманмен күш табыңдар.
Қандай бейнет келсе де бастарыңа,
Пайғамбардың сүннеттін ұстаныңдар.
 
Қам жемеңдер, кетеді мына түнек,
Орнағанда бір күні шын əділет!
Алақанын жаяды мұсылмандар,
Сіздер үшін Алладан дұға тілеп!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу