Өлеңдер ✍️

  28.12.2022
  220


Автор: Ерлан Аманқожаұлы

Бебеулетіп сағыныш домбырасын....

Бебеулетіп сағыныш домбырасын,
Бейнесі жоқ бір ғұмыр болдыратын.
Қайнар бастау басына кешке таман,
Ат суарып келеді сол бір ақын.
Бөлесе де қыр елі әнге кешін,
Мезі болды тірліктен әбден осы.
Қайнар бастау басына отырып ап,
Су ішінен іздейді әлденесін.
Бұл бастаудың әр күні оған мәлім,
Сонда да әсте келгенін доғармады.
Құрдастары айтады баяғыда,
Жақұт көзді жүзігі жоғалғанын...
Жеміс үзіп мың түрлі миуа бақтан,
Кенелтіпті достары сыйға батпан.
Саусағына тағыпты дүр ақынның,
Алтын жүзік алдырып Хиуа жақтан.
 
Табылған ба, әй, бірақ мұңның емі,
Аңсағанын қоймапты қу жүрегі.
Олқы келіп қалған деп алтын жүзік,
Айтып жүр ғой ағайын...
Кім біледі?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу