Өлеңдер ✍️

  28.12.2022
  175


Автор: Ерлан Аманқожаұлы

Көршіміздің бір есегі болды...

Көршіміздің бір есегі болды,
Жаңғырып тұрар тау іші.
Жеңгелерімнің өсегі болды,
Ұзынқұлақтың дауысы.
Бүршіктер елдің көңілі қайың,
Ауылды басса жетім шу...
Құбыры дайын, көмірі дайын,
Тасымайды әсте отын-су.
Қауымға мәлім аты мұндағы,
Көршімді көбі “дүр” дейді.
Моторлы көлік тақымындағы,
Қарыс жерге оны мінбейді.
Ауладан шықпай жаны жаралы,
Есекең болды хас батыр.
Ертелі-кеш аңырағаны,
Азанның дауысын басты ақыр...
Әңгімесіне қосып көкемді,
 
Абыр да сабыр тау бүгін.
Алқаш досым да тост көтерді,
Есектің тілеп саулығын!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу