02.12.2022
  158


Автор: Фариза Оңғарсынова

ҚҰДА ТҮСУ, ҚҰДА БОЛЫСУ

Ер бала азамат болып ер жеткесін, өзінің көңілі қалаған қызбен үйлене салмайды. Алдымен, өзінің ағажеңгесі, апа-жездесіне айтып, олар ұлдың ата-анасына сездіреді.
Ата-анасы қыздың үйіне барып, құда түседі. Құдалыққа ұл бала жақтан ауылдың сыйлы, қадірлі азаматы бастап 3-4 адам барады. Қыздың ата-анасы келісім берсе, болашақ құдаларды, жақынырақ танысу үшін,  қонаққа шақырып кетеді. Содан кейін той мерзімін белгілейді.
Қазіргі заманда құда түсуге барған ұлдың туыстары қалыңдыққа сырға, алқа, жүзік, білезік секілді сый апарады да, ырым етіп, болашақ келіндеріне тағып кетеді.
Құда түсу – болашақ құдалардың бірлігі, ынтымағы нығаюына, ертеңгі жас шаңырақтың босағасының беки түсуіне дəнекер болар дəстүр.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу