02.12.2022
  124


Автор: Фариза Оңғарсынова

КІМ ҚАЛАЙ АТАЛАДЫ?

Қазақта бала əкесінің əкесін АТА, анасының əкесін НАҒАШЫ АТА дейді. Анасының анасы НАҒАШЫ ШЕШЕ болады.
Ата-ана ұлдың баласын НЕМЕРЕ деп, қыздың баласын ЖИЕН деп атайды. Жиеннің баласы ЖИЕНШАР болады.
Əпкесінің жолдасы – ЖЕЗДЕ, ал ер-азаматқа келіншегінің іні-сіңлісі БАЛДЫЗ, аға-əпкесі ҚАЙЫН АҒА, ҚАЙЫН БИКЕ болып келеді.
Апалы-сіңлілі екі қыздың жолдастары бір-біріне БАЖА болады да, ал олардың балалары бірін бірі БӨЛЕ дейді.
Ағайынды екі кісінің балалары бір-біріне НЕМЕРЕ
туыс болады. Мысалы, Марат пен Мардан – ағалы-інілі.
Мараттың ұлы Асқар он бесте. Марданның қызы тоғызда. Асқар – Əлияның немере ағасы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу