18.11.2022
  1851


Автор: Жаңа жыл

Аяз атаға хат

Амансыз ба, аяз ата! Менің сізге хат жазып отырған себебім сізге алдын ала өз арманымды жеткізгім келген. Жаңа жылдың уақытында сізге хаттар көп келіп, менің хатымды оқымай қаларсыз деп ойладым. Аяз ата мен осы жылы, яғни үстіміздегі жылы қатты бұзық болмадым. Ия арасында кішкентай ғана бұзықшылық жасап қойғаным рас, адам болған соң ашуың да болады емес пе, сондай ашуланып тұрған кезде ата-анамды тыңдамай, оларға сөз қайтарып қойғаным бар. Бірақ қайта кешірім сұрадым ғой. Білем балалар үлкендерді тыңдау керек. Ата-ананы ренжітпеу керек. Тіпті өскен кезде де ата-ананың тілін алып, оларға жақсы қарау керектігін де білемін. Аяз ата мен енді ата-анамды ренжітпеймін. Жақсы, үлгілі бала боламын. Маған сыйлық жібересіз ғой ия?
Мен сабағымды жақсы оқудамын, кітап оқудан қашқан емеспін. Оны сіз де байқап жүрген боларсыз. Өткен жылғы жаңа жылым қызыққа толы болып өткен еді. Тақпақтар айтып, би билеген едік. Аяз ата өзіңіз де болдыңыз ғой, Ақшақар бәріміз шыршаны айнала ән айттық емес пе? Бәрі де көз алдымда.
Жаңа жылдың мен үшін үш кейіпкері бар. Олардың біріншісі Аяз ата өзіңіз. Басқа балдар Аяз ата жоқ деп айтады. Бірақ Аяз ата сіздің атыңыз бар, сіздің атыңызға балалар хат жазып, тілек айта алады. Жаңа жылға арналған тақпақтарын айтады. Естелікке суретке түседі. Бұл біз үшін өте қызық. Мектептегі апайымыз Ақшақар боп киініп балалардың көңілдерін табуға тырысады. Бұның өзі біз үшін өте қызық дүние. Ал шыршаны сәндеу тіптен керемет, Аяз ата өзіңізбен қол ұстасып Ақшақар бәріміз шыршаны айналған сәтіміз тіптен керемет көрініс еді. Жаңа жылдық мереке биыл да солай қызықты өтеді деп сенемін. Рахмет Аяз ата, сізді жаңа жылдық мерекеде асыға күтеміз. Айтпақшы, Аяз ата биыл сыныбымыздағы Арсен деген баланың ата-анасы ажырасып, ол мұңайып, жылап жүр. Арсенге көбірек сыйлық әкеліп, оны қуантсаңыз деймін. Енді ешқандай баланың ата-анасы ажыраспасыншы, сыныпта барлық бала күліп, бақытты боп жүрсінші, ата-аналарымыз аман, денсаулықтары мықты болса екен, олар қасымызда болса біз бақыттымыз, бар тілегім осы. Жаңа жылда жолыққанша Аяз ата!

Ғажайып Қазақстан —2050» журналының және «Ғажайып Қазақстан»  газетінің бас редакторы Жібек Искакова,  Түркістан қаласы




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Комментарии

Асқар Әбдірахман Русланұлы
Сәлемеисізбе құрметті аяз ата! Жаңа жылдың басталуына 6 күн қаллы. Маған жаңа жылға жаңа ұялы телефон және Ақтөбенің футболский киімі керек. Маған солар болса юолды. Мен сізді асыға күтемін.
Өзхан
Өзхан 24.12.2023 14:54
Сәлем қалайсың жаным менің жүрегім менің аяз ата маған жейтін боқ керек жана жылға
Саят Назерке Архатқызы
Сәлеметсізбе құрметті аяз ата Жаңа жылдың басталуына 7 күн қалды Сіз барлық баланың тілегін орындап жатыр екенсіз ендеше меніңде бір арманымды орындай аласыз ба Мен жаңа жылға отбасымның ешқашан ауырмай-сырқамай аман балғанын қалаймын. Бұдан басқа маған ешқандай Тілек, арман керек емес тек осы ғана. Мен жаңа жылдың басталуын асыға күтемін??
Көркем
Көркем 29.12.2022 20:50
Салпматсызба ата қалайсыз? Бұлардың бәрі сізден арманы орындалады сұрайды менде сізден бір зат сұрағым келеді негізі көп арманым бар жана жылда көптеген балалар арманының айтат егер мен барлық арманымыз айтсам сіз үлгерми қаласыз сол үшін барған тілегімді айтсам болама? Ол........ Маған зиін, имандылы адам болуыма көмектес
Калтаев Жан
Калтаев Жан 14.12.2022 22:24
Аяз Ата маған жаңа жылға игравой компьютер алғым келеді менің жаңа жылға деген арманым осы Сау болыңыз

Пікір жазу