Өлеңдер ✍️

  15.11.2022
  248


Автор: Жаңа жыл

Хош келіпсің жиырма үш

Хош келіпсің жиырма үш,
Қадамыңа гүл бітсін.
Ақ қояным жайнаңдап,
Айналаны гүлді етсін.

Жаңа жылдың ақ таңы,
Сыйлай түссін бойға шың.
Аппақ қоян жырлатып,
Тигізсін көп пайдасын.

Ауа жетпей бір демде,
Тарылмасын тынысың.
Қоян жылы тыныш боп,
Арта берсін ырысың.
Жібек Искакова




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу