Өлеңдер ✍️

  12.11.2022
  85


Автор: Дәмелі Құсайынқызы

Елбасына

Арналғанда өлеңім Елбасына,
Шалқар шабыт легі кел басыма!
Ел тағдырын мойнына алып тұрған,
Елбасының амандық бер басына!
Парасаттың биігін, дарын берген,
Бір басына өнердің бәрін берген.
Қара нарға қайқайтып жүк артқандай,
Нұрсұлтанға халқының қамын берген.
Нұрсұлтандай сұңқардың шырқары шың,
Жыр толқыса кеудеңде бұрқанасып.
Жыр алыбы Жамбылға бала болсаң,
Қарасайдай батырдың ұрпағысың.
Әйтеке ме, Төле ме, Қазымысың,
Халқың үшін арналды жазы-қысың.
Күй толқыса кеудеде күмбірлеген,
Нұрғисадай әуеннің сазымысың?!
Мәртебемді көтеріп биіктеттің,
Отаныма көп ұлтты ел сыйып кетті.
Кең пейілін дәлелдеп дархандығын,
Қазақ елін дәл қазір иықты еттің.
Қазақ елі болғанын әлемдегі,
Жер шарына дөңгелек дәлелдедің.
Әлемдегі әр елдің корольдері,
Ел басына түзеді сәлемдерін.
О тәңірім, қолдай көр Елбасымды,
Әл-Фараби, балаңа бер жасыңды.
Арыстанның күшін бер, айбатын бер,
Маңдайына жазған соң ер ғасырды!
Иығына салып түр заман жүгін,
Ақылына зер салды ғалам бүгін.
Ойын толғап парасат биігінен,
Танытып жүр халқына адалдығын.
Көріп мақтау шарт емес көзіңізді,
Назар қойып тыңдаймыз сөзіңізді.


Сізге сеніп тағдырын тапсырған ел,
Хан сайламақ қайтадан өзіңізді.
Ел атансақ кең пейіл, Егеменді,
Саясаттың арқасы көрегендік.
Халқыменен қауышқан Елбасына,
Ел анасы - батасын берер енді.
Мәңгілікке атыңыз қалар болды,
Дұрыс таңдап алдыңыз барар жолды.
Бейбітшілік аңсаған әлем халқы,
Сізден үлгі, өнеге алар болды.
Ақыл ойың, санаңды кір шалмасын,
Сара жолға халқыңды бір салғасын.
Дамылдарсың, сапарың ұзақ болғай,
Асқақтатсын атыңды жыр, сан ғасыр.
Ұрпақ үшін отырмын, алаң болып,
Апаң болып айналдым, анаң болып.
Ағыл тегіл берелік батамызды,
Ата-бабам көрген жоқ сараң болып.
Ата-бабаң рухы жебей жүрсін,
Жоқшылықтан құтылып кедей күлсін
Бейнетіңнің зейнетін елің көріп,
Ақ батасы халқыңның демей жүрсін!



1998 жыл.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу