Өлеңдер ✍️

  02.11.2022
  555


Автор: Тәуелсіздік күні

Азаттықты аңсаған

Азаттықты аңсаған,
Жаны жайсаң қазағым.
Тәуелсіздік таңы атты,
Орналып бар ғажабың.



Желтоқсанның ызғары,
Жанымызға батады.
Желтоқсаншы жастарым,
Жүрекпен үн қатады.
Арқасында Жастардың,
Еркелеп күн батады.
Азат елім жадырап,
Күлімдеп таң атады.

Ұмытылмас сол күндер,
Он алтыншы желтоқсан.
Сексен алты әлі есте,
Азаттыққа үн қосқан.
Талай ұл мен қыздарым,
Азаттықты жырласқан.
Жазаланып көбісі,
Жазықсыз боп қырды асқан.
Желтоқсанның ызғары,
Түнеріп ап мұң шашқан.
Ұмытылмас сол күндер,
Азат күнді біз тосқан.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу