Өлеңдер ✍️

  13.10.2022
  132


Автор: Нұрмұхаммед Әбілқасымов

Әйгерім қарындасыма


Жағдай қалай,
Айка қыз?
Ауа райын байқаңыз.


Реніш арты шаттану,
Келеді көктем, қайта қыс.
Шаршасақ өкпе
Аллаға,
Қуансақ алғыс айтамыз.


Қазақ деген бітіспес,


Қырық рулы тайпамыз.
Жығылсаң жардан жыламай,
Жанардан жасты жай тамыз.


Өмір керуен жүгі ауыр,


Барып кері қайтамыз.


Айка қыз, білімің мен арың қымбат,


Қараса көз тоймайтын жүзің сымбат.


Сеземін сүрінсең де сағың сынбад,
Кірісейік күреске енді шындап.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу