Өлеңдер ✍️

  11.10.2022
  393


Автор: Нұрмұхаммед Әбілқасымов

Ғашықтық

Ей, ғашықтық, ғашықтық,


Құлшынып саған асықтық.


Қолымызға кеп қонсаң,


Бағалай алмай масықтық.
Тура тілде түйін жоқ,


Болмасын бойда жасықтық.
Қасқалдақтың қанындайсың,


Қалдыр бізге бір қасықтық.


Алпыс екі тамырдың


Бәрін бірдей басып шық.


Сезіміңе сенбесе,
Өр ағыс боп тасып жық.


Сүймеймін сұлу сұйығын,


Қарадым талдап құйымын.


Аруға қатты ынтықпын,
Шашымен жапқан иығын.


Еріксіз елітер нәзікке,
Көзімнің салдым қиығын.


Бөріктіге көрікті деп,


Босатсын бақыт иінін.


Сүйгенің тура беттеші,
Тағдырдың жазған сыйымын.


Сүйгенімнің саны бар, біреу емес,


Ешқайсысы уықтай тіреу емес.


Қыздар қар, жаңа жауған, ақ мамықтай,


Қыршылдатып қалың қарды күреу елес.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу