Өлеңдер ✍️

  07.10.2022
  85


Автор: Түрік поэзиясы

АҢСЫЗДА

Сені білмес жандарға сені іздетіп жатамын,
Сені сыйлар көбейтем тілекшілер қатарын.
Жанарымның ішінде, жолындасың жырымның,
Сені қорғай алмасам өзіме-өзім қапамын.
Ұмытпаймын ешқашан, саған мекен – мəңгілік,
Қорғап жүрем сені əркез жүрегімді жандырып.
Мен бар жердің бəрінде өзің барсың, жарығым...
Өз əлемің өзіңді табар түбі қаңғырып.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу