Өлеңдер ✍️

  07.10.2022
  86


Автор: Фазыл Хұсню ДАГЛАРДЖА

ЖҰМЫССЫЗ

«Тағдыр ғой бұл да – дейді ол, –
Көшеде қаңғытып қойған.
Жұмыс та жоқ, қорқыныш жоқ, құрмет жоқ,
үш жыл бойы нанды көрді түсінде, иə, түсінде.
Сонша аш еді ол, аш еді жан-сезімі –
кеміретін қол-аяғын өзінің.
Қоңыр самал сипап есті, шашын кетті ұйпалап
Саусағымен тағы аңдарды сипаған.
Санасыз жел еспесе де қас қып түк
Қоздыратын аштықты.
Аш еді ол, күнелтетін кеміріп ұртын, ерінін.
Түннің өзі дір етіп бір тұнады:
жұлдыз көріп қалмасын деп мынаны,
аспан көріп қалмасын деп мынаны,
аш кісінің үстін баса құлады.
Сонша аш еді ол, ышқына жан шақырды
демін жұтып ақырғы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу