Өлеңдер ✍️

  07.10.2022
  82


Автор: Орхан Уəли КАНЫК

КЕНЕТТЕН

Бəрі болды кенеттен:
Айықты аспан кенеттен,
Күн сəулесін төкті жерге кенеттен,
Дүние жасыл бояу тұтты кенеттен,
Бəрі болды кенеттен.
Кенет жерден көтерілді бу əппақ,
Алма ағашы түйін салды кенеттен,
Қызыл алма пісіп шықты кенеттен.
Кенет,
кенет,
Бəрі кенет жасалды:
қыздар – кенет,
жігіт – кенет,
Дала, жолдар, мысықтар.
Кенет жерде пайда болды махаббат,
келді кенет қуаныш.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу