Өлеңдер ✍️

  07.10.2022
  77


Автор: Орхан Уəли КАНЫК

ЕРКІНДІККЕ

Күн шығардан сəл бұрын
Теңізде бір тыныштық болады-ау,
осы кезде серуенге шыға қал.
Алақанда – рахаты ескектің,
түнде біткен іс шаттығы – көңілде.
Тартасың-ау кəрі ескекті төстеп бір,
түс көресің өңіңде.
Қарсы жүзер сонда саған балықтар,
сырғанайсың жуас толқын жонында.
Төк ауыңды, қалтқыңды қалықтат,
сұйық ақық секілді су,
қолың бар –
сүзіп қара, сол шақта:
шағаланың үнсіз жатқан шағында,
Қара дауыл шықса атылып аспанға,
Бұл не тағы? Су перісі? Құс па əлде?
Сым ішек пе? Труба ма?
Сасқанда
айқайлап кеп жібересің:
е-е-е, е-ей!
Не отырыс, қарғы жардан теңізге!
қатын-балаң күте ме үйде əлі де?
Түкір оның бəріне!
Көрмеймісің, маңың түгел – бостандық?!
Ескек бол сен,
не су бол,
не дауыл бол долданып,
ақ желкен бол,
бол балық,
жүз, сайранда,
күш жеткенше
еркін жығыл, еркін жық –
Міне, саған Еркіндік!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу