Өлеңдер ✍️

  07.10.2022
  116


Автор: Түрік поэзиясы

ЖАЛАУ ТҰР ЖЕЛДІ САҒЫНЫП

Шейіттер зираты бос емес,
Тұр біреу туғанын сағынып...
Самалдан жұтқысы келеді,
Кеудесі қайғыдан арылып.
Асқақтап қарсы алар ақ таңды,
Жалаулы күмбезі өреннің.
Осынау зиратта жатқанды,
Беймəлім жауынгер деген кім?
Ол жайлы жыр-дастан аз емес...
Міне, енді ақырет қонағы.
Қабірі жанынан құрмет қып,
Бас изеп өтсеңіз болады.
Сəлем бер, таза ма ар-намыс...
Ал енді күнəһар пенделер,
Жанына жақындап бармаңыз.
Біздерге ол ойлана тұр қарап,
Желге де бөгесін болмайық.
Не керек бос былшыл, құр мадақ!
Алақан соғу да ессіздік...
Жасанды букетті əкеліп
Танытып жүрмейік тексіздік!
Ол үшін кəрі ана, жас бала
Тілегі – тілектің төресі,
Қырдағы гүлдерге қуанар,
Аспанға жеткендей төбесі.
Болды енді, мылжыңдап тұрмайық...
Өр жігіт өзі айтсын айтарын,
Үніне құлақ сап тыңдайық.
Тыңдайық, ал сосын ақыным
Жауынгер арманын жырлағын.
Аңсайды ол басында желменен
Жалаудың желбіреп тұрғанын.
Бұл зират күмбезі жарасқан,
Беймəлім жауынгер тұрағы...
Фəниден бақиға əрі асқан.
Айтшы енді, ерлігі əйгілі,
Аңызға айналған айбыны,
Беймəлім жауынгер, кімсің сен?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу