Өлеңдер ✍️

  07.10.2022
  72


Автор: Түрік поэзиясы

КҮН СОҢЫНДА...

Шыққан күннің шуағына
Гүлдей күліп қараймын,
Жанарымда жатыр менің талай мұң.
Сол гүлдердей алауланып жатты маң,
Құлағымда талықсыған тəтті ме əн?
Мұнаралар алтын балдақ құс па анау,
Бағын іздеп, ұясынан ұшқан-ау.
Қоңыр кештер, араласқан мұң, қайғы,
Құстар сайрап, өмір мəнін жырлайды.
Күндер батып, қоңыр кештер түседі,
Барқыттайын мөлдір сулар ішеді,
Аспан төнген, мынау қандай күш еді?..
Ақшам уағы, тағы да ақшам, кеш еді,
Көл бетімен көп ойларым көшеді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу