06.10.2022
  1956


Автор: Қарттар күні

Жаратқаным жар болсын

Қарты бар үйде қазына бар дегендей,
Қарттарымыз аман болсын әрбір үйде.
Олар барда үйіміз нұрға толар,
Көтеріңкі боламыз көңіл- күйде.

Қарттар күні арнаймыз бар жақсыны,
Амандықта болсын деп денсаулығы.
Ақ сақалды ата мен әжелердің,
Аман болсын желбіреп ақ жаулығы.

Күлімдейді жанымыз сіздерменен,
Біз келеміз сіз басқан іздерменен.
Қазыналы қарттарым сен аман бол,
Қуанышта боп әркез біздерменен.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу