Өлеңдер ✍️

  06.10.2022
  105


Автор: Түрікмен поэзиясы

АРҒЫМАҚТАР АДЫМДАЙДЫ СЕНІММЕН

Бұйым болмай сай-салаң да, шыңың да,
Жалын шайқап, жортқаны ұқсар құйынға.
Жүрісін-ай, тұрысын-ай аттардың,
Аты аңыз боп келе жатқан бұрын да...
Төрт аяғы даңқын төрге шығарып,
Жүрген атты аброй деп ұғалық.
Ер жігітке мақтаныш қой, ғашық қыз:
«Сəйгүліктей тұрсың, – десе, – сыланып».
Сыр ақтарып, тіл қатты үнсіз көздері,
Үлгі ету ұят тұлпарлардан өзгені.
Айтыңдаршы, Көрұғлы құратпен
Жүйткігенде қуырмап па ед жер тінін?
Енді, міне, аулымның ерлері,
Батыс жаққа тұлпар мініп өрледі.
Батырларды елім күтті асыға,
Сəйгүліктер самғағанын көргелі




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу