Өлеңдер ✍️

  03.10.2022
  86


Автор: Нұржан Наушабаев

ТІЛЕГІМ ӘРБІР ТҮРЛІ

Халаспын берер Алла тілегенде,
Жомартпын қолдарыңа берегенде.
Бір зайыф құмырсқадан ғибрат алып,
Мұратқа жеткен Темір көреген де.
Құдая, құдіретіне сүйеніп нық,
Салмағын қайғыңменен көңілге дық.
Дарияны топан қаптап, сел алса да,
Сен жәрдем болған жерде хабарым жоқ.
Тілегім әрбір түрлі ретпенен,
Түзік қылып шын ықылас, ниетпенен.
Фазылың кең, рахматың көп, бір иемсің,
Жүз тұттым дерғахыңа үмітпенен.
Перзент бер ізгі қылып таупықпенен,
Саясат, бақыт еткін артықпенен.
Өмірімді бір халқыма сүйкімді ет,
Тілеймін, Алла, өзіңнен зарлықпенен.
Орынсыз, жамағат бер, күлмейтұғын,
Рақатсыз аяқ басып жүрмейтұғын.
Сағат сайын көңілді хошландырып,
Қалыпты ғафаменен бөлмейтұғын.
Пендеге мысық тілеу пенде қылма,
Бақыт, дәулет, әр қажеттен кенде қылма.
Қатамды жасыр, Алла, фазылың кең,
Ғайбатпен сөйленетін тілді қылма.
Дос берсең, риясыз бер жанды аямас,
Болмасын ықыласыңда еш айырбас.
....................................................................
Ақиқат әр барысы болсын жолдас.
Тым жоғары, зорлардан дұшпан қылма,
Һәм және бой үйренген достан қылма.
Сүрінсең, өтінішіңді тыңдамайтын,
Көңілі қатты, рақымсыз тастан қылма.
Кеуілді тым жоғары төмендетпе,
Ниет қылсаң, тәкпірді көңілді етпе.
Және де жетісіп, еш мұқтаж болмай,
Қатардан қалдырма, Алла, әр ретте.
Фатиқам сол, басқа бер бармақтай бақ,
Кімнің сонда қалауы жақсы болмақ.
Адамның арманы не дүниеде
Сүйекпен бірге кетсе болған атақ.
Асыл нәрсені сақтауға білім керек,
Кезек деген сөз де бар дәулет – қонақ.
Бұл қалыпта көп зор дәулет, иншалла,
Шүкірәна қып жүре алсақ тоқтап, бірақ.
.................. ғибрат бар орталықта,
.................. жүре білсе бір қалыпта.
Ырыздығың Хаққа міндет, пірәдәрлар,
Пендеге қор болмаулық патшалықта.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу