03.10.2022
  102


Автор: Ертай Ашықбаев

КІРПІ

— Бүгін қонақ болыңыз,
Шақырамыз үйге біз.
Ішіп-жеңіз, қоныңыз,
Ән салыңыз, билеңіз.
— Иә, барамыз қалайда
Сіз шақырған үйге біз.
Билемейміз алайда —
Түсіп қалар инеміз.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу