Өлеңдер ✍️

  03.10.2022
  88


Автор: Ертай Ашықбаев

МАМЫР

Сөлін сорған қайыңның
Мен — Мамырмын,
Жоқ сұсым.
Бекітуге дайынмын
Балапанның топшысын.
Күндіз-түні ояумын,
Отауымнан мың шықтым.
Қырға барсам — бояумын,
Талға барсам — бүршікпін.
Енді мәз боп күлмеске
Амалым жоқ,
Көп күлем.
Бір СЫЙЛЫҒЫМ — гүлдесте,
Бір СЫЙЛЫҒЫМ — көк кілем.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу