Өлеңдер ✍️

  03.10.2022
  113


Автор: Ертай Ашықбаев

Танысу

Танысайық,
кел,
бала,
ЖЫЛ — ОН ЕКІ АЙ —
есімім.
Мекен-жайым —
кең дала,
Әркез ашық есігім.
Қызығым бар қаншама,
Маңыз бермей өтпегін.
Жететұғын баршаңа
Сыйлығым да көп менің.
Тек жақсылық тілеп мен
Бүгін үнсіз қарайын.
Сыйлығымды
ретпен
Үлестірсін әр АЙЫМ




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу