Өлеңдер ✍️

  03.10.2022
  91


Автор: Ертай Ашықбаев

Өкініш

Тыңдамадым,
(өкіндім),
Апам:
«Ерте жат», — десе.
Қалғып-шұлғып отырмын,
«Ұйықтасамшы,
қап,
кеше!..»
Кеттім ойнап,
секіріп,
Апам:
«Үйге жет», — десе.
Алған бағам —
екілік,
«Оқысамшы,
еһ,
кеше!..»
Мен көжек боп бұғамын,
Сөз ызғар боп еседі.
Еске салды мұғалім
Уәдемді кешегі.
Бүлініпті жоспарым,
Не істемедім мен кеше?!
...Бүгін ойла,
достарым,
Ертеңіңді ендеше.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу