Өлеңдер ✍️

  03.10.2022
  73


Автор: Ертай Ашықбаев

ЕКІНШІ ҮЙ

Екінші үйім —
сынып деген,
Міне,
тағы кіріп келем.
Апайыма бас шұлғимын —
Жақсы оқуға үгіттеген.
Екінші үйім —
сынып деген,
Кейде кештеу кіріп келем.
Сылтауымды айтып тұрам,
Сөйлемдері бірікпеген.
Екінші үйім —
сынып деген,
Қарайды жұрт үмітпенен.
...Қандай жақсы қай кезде де —
Сыныбыңнан үрікпеген!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу