Өлеңдер ✍️

  03.10.2022
  84


Автор: Ертай Ашықбаев

ЖАПЫРАҚТАР ТУРАЛЫ ЖЫР

Қараңдаршы анықтап:
ЖАПЫРАҚТАР ТҮСІП ЖАТЫР...
қалықтап...
Бұйрық беріп күз-ұлық,
ЖАПЫРАҚТАР ТҮСІП ЖАТЫР...
үзіліп...
Жел де соғып шалғайдан,
ЖАПЫРАҚТАР ТҮСІП ЖАТЫР...
сарғайған...
Күрт түнеріп мұңды аспан,
ЖАПЫРАҚТАР ТҮСІП ЖАТЫР...
тынбастан...
Қашып кетті нұрлы арай,
ЖАПЫРАҚТАР ТҮСІП ЖАТЫР,
бұл қалай?..
Шаттанбай тұр қаламыз,
ЖАПЫРАҚТАР ТҮСІП ЖАТЫР,
қараңыз...
Мойындайық енді біз,
ЖАПЫРАҚТАР ТҮСІП ЖАТЫР,
келді күз...
...Қала,
сізден кетіп қалғым келеді,
ЖАПЫРАҚТАР ТҮСІП ЖАТЫР,
себебі...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу