Өлеңдер ✍️

  02.10.2022
  179


Автор: Мыңбай Рәш

Бүлдіршіндер монологы

Тастап кеткен аналар...
Үйіндеміз балалар.
Бізде көп-көп ойыншық;
Түйе, ат та, қой, мысық
Ойдә, қызық ойнаймыз.
Күлкіге де тоймаймыз
Ата-анам неге жоқ?
Деп те кейде ойлаймыз.
Жүрек сыздап, шымшылар,
Көзден жас та тамшылар.
Бізбен бірге қосылып
Ойыншық ит қыңсылар.
Кубиктерден мектеп пен
Үйлер салып жатамыз.
Тек туған жоқ демесең
Қызыққа мол батамыз.
Тез табысып кетерлік
Құрбы-құрдас жетерлік.
Неге көзін сұғады
Кейде суыт шетелдік?
Осыдан тек қорқамыз
Ортаймасын ортамыз.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу