Біржан АХМЕР

Біржан Ермекұлы АХМЕР – 1993 жылы тамыз айының 23 жұлдызында Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы, Ақтоғай бекетінде дүниеге келген. Әр жылдары Абай музейінде ғылыми қызметкер, «Әдебиет порталы» интернет жобасында тілші-редактор қызметін атқарды. Ол - «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Педагогика ғылымдарының магистрі. Қаламгердің «Тамыз таңы», «Көзіңдегі көктем» жыр жинақтары, сондай-ақ балаларға арналған «Бес асыл іс» атты танымдық кітабы жарық көрді. Қазіргі таңда Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің докторанты.

Автор ұнаса, сақтап қойыңыз: