Яхия Кемал БЕЙАТЛЫ

1884 жылы Македонияның астанасы Үскіпте дүниеге келіп, 1958 жылы Стамбұлда қайтыс болды. Дипломат, халық қалаулысы болып қызмет атқарған. Шын есімі Ахмет Агах.
Алдымен жергілікті Үскіп медресесінде арабша, парсыша дəріс алса, 1902 жылы Стамбұлдағы лицейде білім алуын жалғастырды.
1903 жылы Парижге қоныс аударып, сондағы саясаттану жоғары мектебінде оқыды.
Алғашқы шығармаларын 1900 жылдары Есрар деген лақап атпен жаза бастаған.
Ұлттық құндылықтарға баса назар аударып, батыс əдебиеті əсеріндегі жаңа заман түрік поэзиясын қалыптастыруға тырысты жəне бұл жолда үлкен табыстарға жетті.
ХХ ғасырдағы түрік поэзиясының басты ақындарының бірі саналады.
Автор ұнаса, сақтап қойыңыз: