Бөлім: «Құттықтау, тілектер»

Тілек, құттықтау — ықылас, ниет. Ниет — қажеттілікті қанағаттандыру үшін әрекеттенуге және оған іштей ұмтылу. Ниеттің жүзеге асуы материалданған сипатта болады. Тілек — адамның бір іс-әрекетті, ой-пікірді іске асыруға ниет білдіруі. Адам тілегі арқылы алға қойған мақсатын іске асыруға жоспар жасап, әрекетке бағыт-бағдар алады. Тілек — іс-әрекеттің бастау бұлағы. Ол адамды қарекетке, ойға алған, алға қойған жоспарын іске асыруға бағыттаушы саналы әрекеттің ұйытқысы. Бұл жағдайда оның іс-әрекет объектісі санасынан орын алып қана қоймайды, оны іске асырудың мүмкіндік жолдары да айқындала түседі.
Ұлттық спорт күні құтты болсын!
Ұлттық спорт күні құтты болсын! Қазақтың көкпары, бәйгесі, күресі мен жамбы атуы әрдайым жандана берсін! Жастарымыз спортпен шынығып, еліміздің..
©  Ұлттық спорт күні
Жаңару
Жаңару күні құтты болсын! Табиғатпен бірге сіздің өміріңіз де жаңа белестерге толы болсын. Жан дүниеңіз тазарып, әрбір сәтіңіз қуанышқа толы болғай! 
©  Жаңару күні
Жаңару күні құтты болсын
Бұл күн – жаңа бастамалардың, таза ойлар мен игі істердің уақыты. Көктемгі жаңару сізге бақыт, денсаулық және шаттық алып келсін! ?? 
©  Жаңару күні
Жаңару күнімен құттықтаймын!
Жаңару күнімен құттықтаймын! Өткеннің өкінішін ұмытып, жаңа мүмкіндіктерге жол ашайық. Әр күніміз жарқын, көңіліміз көтеріңкі болсын! 
©  Жаңару күні
Жаңару күні
Табиғат оянып, айнала жаңарып, жаңа күнге қадам басатын ерекше күн құтты болсын! Баршаңызға амандық, жақсылық пен мол береке тілеймін! 
©  Жаңару күні
Жаңару күні құтты болсын!
Жаңару күні құтты болсын! Бұл күн сізге жаңа қуат, мол бақыт және шексіз мүмкіндіктер әкелсін. Жүрегіңіз мейірімге толып, әр күніңіз шуақты болсын!
©  Жаңару күні
Ұлттық киім күні құтты болсын!
Ұлттық киім күні құтты болсын! Әр қазақтың жүрегінде ұлттық мақтаныш сезімі арта берсін. Дәстүріміз ұмытылмай, ұлтымыздың символына айналсын! 
©  Ұлттық киім күні
Бүгін – ұлттық рухымызды асқақтататын күн!
Бүгін – ұлттық рухымызды асқақтататын күн! Дәстүрімізді дәріптеп, ата-баба мұрасын құрметтей білейік. Ұлттық киіміміздің қадірі арта берсін! 
©  Ұлттық киім күні
Ұлттық құндылықтарымыз ұлықталсын!
Ұлттық құндылықтарымыз ұлықталсын! Қазақтың ою-өрнегі, зерлі шапаны, камзолы – барлығы біздің байлығымыз. Бұл мұраны келер ұрпаққа жеткізейік! 
©  Ұлттық киім күні
Берекелі күн болсын!
Берекелі күн болсын! Ұлттық киім – халқымыздың шежіресі. Киіміміз көркем, рухымыз биік, дәстүріміз мәңгілік болсын! 
©  Ұлттық киім күні
Ұлттық киім күнімен!
Ұлттық киім күнімен! Дәстүріміз бен мәдениетіміз ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, қазақтың әсем киімдері мәңгі жасасын! 
©  Ұлттық киім күні
Мереке құтты болсын!
Мереке құтты болсын! Қазақтың ұлттық киімі – тарихымыздың, мәдениетіміздің айнасы. Киелі мұрамыз әрдайым асыл қазына болып қалсын! 
©  Ұлттық киім күні
Баршаңызға жүрекжарды құттықтауым!
Баршаңызға жүрекжарды құттықтауым!Шаңырақтарыңызға бақыт, махаббат пен жылулық тілеймін! Әулеттеріңіз аман, ұрпақтарыңыз өсіп-өркендей берсін!..
©  Шаңырақ күні
Қымбатты достар!
Қымбатты достар!Бұл күн – отбасының, әулеттің, ұрпақ сабақтастығының белгісі. Шаңырақтарыңыздан шаттық үзілмесін, әр күніңіз жақсылықпен толсын!
©  Шаңырақ күні
Жақын жандарға ақжарма тілек!
Жақын жандарға ақжарма тілек!Берекелі де мерекелі Шаңырақ күні құтты болсын! Әулеттеріңіз аман болып, шаңырақтарыңыз шайқалмасын. Ынтымақ пен бірлік..
©  Шаңырақ күні
Ағайын-туысқа жүректен шыққан тілек!
Ағайын-туысқа жүректен шыққан тілек!Шаңырақтарыңызға шаттық қонып, керегелеріңіз кеңейіп, босағаларыңыз берік болсын! Отбасы бақыты мәңгілік..
©  Шаңырақ күні
Құрметті отбасы мүшелері мен жақындар!
Құрметті отбасы мүшелері мен жақындар!Шаңырақтарыңыз биік, керегелеріңіз кең болсын! Отбасыларыңызға тыныштық, молшылық пен шаттық тілеймін. Жақсылық..
©  Шаңырақ күні
Шаңырақ күні
Ардақты туыстар!Шаңырақ күні мейірім мен жылулыққа толы мереке болсын! Әулеттеріңіз өсіп-өркендеп, ұрпақтарыңыз аман болсын! Әрқашан сыйластық пен..
©  Шаңырақ күні
Шаңырақ күні құтты болсын!
Қымбатты ағайын!Шаңырақ күні құтты болсын! Отбасыңыз берекеге, ырысқа, шаттыққа толсын. Шаңырағыңыз биік, керегеңіз кең, босағаңыз берік болсын!..
©  Шаңырақ күні
Амал келді, жыл келді!
Амал келді, жыл келді! Баршамызға амандық, бақ-береке, молшылық пен шаттық тілеймін! Жаңа жыл жақсылығымен келсін!
©  Көрісу күні, Амал мерекесі
Амал мерекесі
Берекелі дастарқан, шуақты күндер көп болсын! Амал мерекесі бірлігімізді бекемдеп, қуанышымызды еселей түссін! Бақыт пен молшылық тілеймін!
©  Көрісу күні, Амал мерекесі
Жылымыз жайлы, өміріміз мәнді болсын!
Жылымыз жайлы, өміріміз мәнді болсын! Бұл күн – өткенге салауат айтып, болашаққа жақсы тілек білдіретін сәт. Көңіліміз көтеріңкі, жүзіміз жарқын..
©  Көрісу күні, Амал мерекесі
Амал мерекесі
Денсаулық пен ұзақ ғұмыр тілеймін! Амал мерекесі баршаңызға жаңа мүмкіндіктер, мол қуаныш пен сәттілік алып келсін! Ауызбіршілігіміз ажырамасын!
©  Көрісу күні, Амал мерекесі
Татулық пен бірлік мерекесі құтты болсын!
Татулық пен бірлік мерекесі құтты болсын! Халқымыздың ынтымағы артып, әр отбасыға бақ-береке орнасын! Жанымызда жүрген жақындарымыз аман болсын!
©  Көрісу күні, Амал мерекесі
Амал мерекесі
Жаңа жыл жақсылығымен келсін! Амал мерекесі жаңа бастамаларға толы, қуаныш пен табыс әкелетін жыл болсын! Әр күніңіз сәттілікке толы болсын!
©  Көрісу күні, Амал мерекесі