Бөлім: «Нақыл сөздер»

Қазақша қанатты, нақыл, ұлағатты сөздер мен афоризмдер жинағы
Ақшаның еш мәні жоқ. Ол тек белгілі мақсатқа жету құралы. Ақша неге қабілетті екенін және ең бастысы, не істеуге күші жетпейтінін түсінуіміз керек.
©  Брюс Ли
Өз қателігіңді мойындауға батылың жеткенде ғана, оған кешіріммен қарауға болады.
©  Брюс Ли
Су секілді қозғал, айна сияқты шаттан, жаңғырық тәрізді жауап бер.
©  Брюс Ли
Адам төбелесте кенеттен жеңіске жетеді, ал жаттап алған жаттығуларды қайталау жеңіліске әкеледі.
©  Брюс Ли
Істеп көрген жан ғана кәсіпті игере алады.
©  Брюс Ли
Ашушаңдық адамды бір сәтті ақымаққа айналдырып жібереді.
©  Брюс Ли
Өнердегі ең жоғары саты – қарапайымдылық.
©  Брюс Ли
Бір күні өлім келетінін мойындай білу керек. Мәңгілік көктемді армандауды доғарсаңыз, жаз бен қыс та бақыт сыйлайды.
©  Брюс Ли
Өлмес өмірдің кілті – ең бірінші кезекте ұмытылмастай өмір сүру.
©  Брюс Ли
Жақсы күрескер байбалам салмайды, дайындалады. Ол ойламайды да, армандамайды да, кез келген жағдайға дайын болады.
©  Брюс Ли
Мақсат міндетті түрде діттеген жеріне жетуі керек емес, ол келесі қадамыңызға деген бастапқы бағыт болуы мүмкін.
©  Брюс Ли
Білімді жинау — жеткіліксіз, оны іс жүзінде пайдалану керек. Армандау — жеткіліксіз, әрекет ету керек.
©  Брюс Ли
Қартайғанда еске алатын естеліктер болсын десеңіз, лайықты өмір сүріңіз.
©  Далай-Лама
Есіңізде болсын, кейде үнсіздік ең дұрыс жауап бола алады.
©  Далай-Лама
Жылына бір рет әлі барып көрмеген жаңа жерлерге барып тұрыңыз.
©  Далай-Лама
Жер ананы аялаңыз, сүйіңіз.
©  Далай-Лама
Біліміңізбен бөлісіңіз, бұл – өлместікке жетудің бір жолы.
©  Далай-Лама
Пікірталас кезінде тек осы шақ туралы айтыңыз, өткенді қозғауға болмайды.
©  Далай-Лама
Сіз сүйетін, сізді сүйетін атмосфера – өміріңіздің негізін құрайды.
©  Далай-Лама
Кейде адамдығыңды сақтап қалу үшін қатты қалаған нәрсеңнен бас тартуға тура келеді.
©  Далай-Лама
Есіңізден шығармаңыз, қиындыққа төтеп берген достық – ең жақсы қарым-қатынас саналады.
©  Далай-Лама
Өзіңізді еркін сезініңіз, бірақ, шекараны ешқашан бұзбаңыз.
©  Далай-Лама
Кейде оңаша қалып, өзіңді тыңдап тұру керек.
©  Далай-Лама
Қателескен болсаңыз – бірден түзету үшін әрекеттер жасаңыз.
©  Далай-Лама
Ұсақ текетірестің үлкен достықты бұзуына жол бермеңіз.
©  Далай-Лама