Бөлім: «Нақыл сөздер»

Қазақша қанатты, нақыл, ұлағатты сөздер мен афоризмдер жинағы
Білмеген мін емес, білместікке көнген мін.
 
©  Асқар Сүлейменов
Қит етсе болды, Америкалап шыға келетін аура етек алды. Бұл өзі мегежіннің інгенмен бой салыстырғанындай.
 
©  Асқар Сүлейменов
Алған ұмытар, берген ұмытпайды. Қазақстанның психологиялық халі: аз да болса алғанын ұмытпайды, мол болса да бергенін ұмытады. Кең қолтықтың бір..
©  Асқар Сүлейменов
Қазақтың радиомаразмы: «махаббаттың сүйіспеншілігіне бөленіп...». 
©  Асқар Сүлейменов
Кәміл болу қиын, бірақ ой қашады: халық – екі ұғымның құлы: кеткен мен келердің. 
©  Асқар Сүлейменов
Бала – тапқандікі емес, бала – қаққан мен баққандікі. 
©  Асқар Сүлейменов
Сөйлемдегі өмір мен сөйлемнің өмірі бірікпегесін – тірі тіркес тумайды. Өмірдің тамыр солқылы мен сөйлемнің тамыр солқылын лингвистикалық проза..
©  Асқар Сүлейменов
Абайда ашу шақырар орам көп. Кейіс шақырар бір орамы: «...қазақ та адам баласы ғой».
 
©  Асқар Сүлейменов
Пьеса – құндақтаулы сәби: оның қандай азамат болып өсіп шығары режиссерге байланысты.
 
©  Асқар Сүлейменов
Қазақтай психофизикалық типтің азасын «Жігердей» кемерлейтін күй, «Қаракесектей» шыңғыртар ән жоқ.
 
©  Асқар Сүлейменов
Бабы мен бағы бұққан тұяқ та бір – ойға суарылмаған әуен мен әуез де бір: нені айту бір пара, қалай айту бір пара, кімге айту, қашан айту бір..
©  Асқар Сүлейменов
Байлық - барлық болғанда, өнер - мұрат. Байлықтан мұрат шықпаған. Ал, мұрат - тірлік. 
©  Асқар Сүлейменов
Бұл ғаламда тұзақты да, тұсау-тұсамысты да туабітті танымасқа жаралған біреу бар: ол – адам. 
©  Асқар Сүлейменов
Бірлік түбі – зорлық. 
©  Асқар Сүлейменов
Қит етсе болды америкалап шыға келетін аура етек алды. Бұл өзі мегежіннің інгенмен бой салыстырғанындай.
 
©  Асқар Сүлейменов
Ұлтжандылықты ауаның деңгейіне көтерген үш халық болса, екеуі - француздар мен поляктар, екі халық болса - тағы сол екеуі. Ұлтшылдықпен тыныстау олар..
©  Асқар Сүлейменов
Өмір - тән, өнер - жан: тән тұншыққанда - жан шыңғырады. 
©  Асқар Сүлейменов
Жақсы кітап — ұлттың антологиясы. 
©  Асқар Сүлейменов
Бала тапқандікі емес — бала қаққан мен баққандікі. 
©  Асқар Сүлейменов
Пытыра қазақ: шүрегей атады, өзбек – жалғыз оқ: бұлан атады. 
©  Асқар Сүлейменов
Ұл өсіріп, қыз асырап отырмыз. 
©  Асқар Сүлейменов
Дін құрыса — тіл сақтайды, тіл құрыса — үн сақтайды, бәрі құрыса — діл сақтайды 
©  Асқар Сүлейменов
Таранбаған әйелде — бір мекиеннің, таранған әйелде — екі мекиеннің миы бар. 
©  Асқар Сүлейменов
Келіншектің сұлу кезі — ұйқыдағы кезі. Айтып та болмас әлгінің, айтпай да болмас әлгінің тұсындағы кезі емес. Әсіресе сол кезі емес. 
©  Асқар Сүлейменов
Отау көтеріп оңаша тұрып алмай достастықтың құшағына қойып кету – саяси логикаға қиналып сыйысады. 
©  Асқар Сүлейменов