Мұрат туралы Нақыл сөздер ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Мақал-мәтелдер: 22
Тақпақтар: 1
Өлеңдер: 19
Жаңылтпаштар: 1
Нақыл сөздер: 10
Әңгімелер: 1
Поэмалар: 2

Адамның өмірі жеке өзінің мұраттарынан да, жалпыға бірдей маңызды шарттардан да ауытқып кетуі мүмкін. Өзімшілдік жағдайын да біз бəріне, яғни..
©  Макс Шелер
Жастық армандамаса, адам өмірі бір нүктеде қатып қалар еді, міне содан да жастық қиялының жарқ-жұрқ еткен қабығы ішінде ұлы-ұлы мұраттардың дәні..
©  Константин Ушинский
Жастық адамға бір-ақ рет беріледі, мұның басқа жас кезеңдерінен ерекшелігі — барлық әдемілік атаулымен асқаралы мұратқа бір табан жақындығы. 
©  Виссарион Белинский
Бұл заманда жылап мұратқа жетем деу - аш түйенің күйсеуі сыңды дәрменсіздік.
©  Әлихан Бөкейханов
Сенiм — танымның бастауы емес, мұраты.
 
©  Иоганн Вольфганг фон Гёте
Адам кім болса да еңбек етіп, терге шома жұмыс атқаруы тиіс: өмірдің мәні мен мұраты оның бақыты мен мақсаты осында.
 
©  Антон Чехов
Байлық - мұрат емес, жоқтық - ұят емес. 
©  Қазыбек би Келдібекұлы
Байлық - барлық болғанда, өнер - мұрат. Байлықтан мұрат шықпаған. Ал, мұрат - тірлік. 
©  Асқар Сүлейменов
Білген, көрген болмысынан туған шындық кітабы болып шыға алса, содан арғы зорғы мұраты жоқ.
©  Мұхтар Әуезов
Мұратыңа жеткенше дос пен дұшпанға сыр берме.
©  Бауыржан Момышұлы