Бөлім: «Тақпақтар»
Балаларға, мектепке, балабақшаға, бастауышқа арналған әр-түрлі тақырыпта тақпақтар жинағы
Жетісайым жұлдызым
Жетісайым жұлдызым, Жарқылдайтын көгімде. Жетісайым құндызым, Шаттық берер өмірге.
© Жетісай қаласы
Жетісайым айымсың
Жетісайым айымсың, Түнде жарық беретін. Жетісайым күнімсің, Шуағым боп енетін.
© Жетісай қаласы
Жетісайдың төрінде
Жетісайдың төрінде, Бақ-береке бәрі бар. Жетісайдың жерінде, Ақ алтынның сәні бар.
© Жетісай қаласы
Жетісайым жанымсың
Жетісайым жанымсың, Арайлы таңымсың. Хош иісін беретін, Жайқалған гүл бағымсың.
© Жетісай қаласы
Жетісайды қарашы
Жетісайды қарашы, Баурап алар даласы. Деп білемін Жетісайды, Қалалардың дарасы.
© Жетісай қаласы
Мен баласы Жетісайдың
Мен баласы Жетісайдың, Туған жерде бапталған. Ақ алтын ол Жетсайым, Ел ішінде жатталған.
© Жетісай қаласы
Жетісайдың ауасы
Жетісайдың ауасы, Баурап алар қарашы. Мен боламын туылған, Жетісайдың баласы.
© Жетісай қаласы
Оңтүстікте Жетісайым
Оңтүстікте Жетісайым, Ақ алтынның ұясы. Жасыл-желек кең далам, Баурап алар қиясы.
© Жетісай қаласы
Жетісайымды білемін
Жетісайымды білемін, Саған құлақ түремін. Жетісайым деп ән салып, Жетісайым деп күлемін.
© Жетісай қаласы
Жетісайдың баласы
Жетісайдың баласы, Мен боламын қараңыз. Жетісайдың кең даласы, Орталық Жетісай қаламыз
© Жетісай қаласы
Жетісайым жарығым
Жетісайым жарығым, Сен куәсі бағымның. Туған қалам мен сені, Шаттығым деп таныдым.
© Жетісай қаласы
Таңым өзің Жетісайым
Таңым өзің Жетісайым, Барым өзің Жетісайым. Тамыр жайып, өсетін, Бағым өзің Жетісайым!
© Жетісай қаласы
Жетісай десе жүрегім
Жетісай десе жүрегім, Риясыз пәк күлемін. Қабыл болсын ақ адал, Саған айтқан тілегім.
© Жетісай қаласы
Жетісай болып ән салам
Жетісай болып ән салам, Жетісай болып шаттанам. Сенде жүрсем Жетісайым, Өсіп өніп, бапталам.
© Жетісай қаласы
Жетісайдың жүрегі
Жетісайдың жүрегі, Ақ алтынның мекені. Саған деген Жетісайым, Махаббатым жетеді.
© Жетісай қаласы
Жетісай боп шаттанам
Жетісай боп шаттанам, Жетісай боп мақтанам. Қаласында Жетісайдың, Өсем, өнем, бапталам.
© Жетісай қаласы
Жетісайдың жүрегі
Жетісайдың жүрегі, Жетісайым бұл менің. Ақ алтынның мекені, Сені ойлап жүремін.
© Жетісай қаласы
Жетісайдың ауданы
Жетісайдың ауданы, Бұл Жетісай қаласы. Ауылдары қаншама, Көңілдің жоқ наласы.
© Жетісай қаласы
Жетісайдың даласы
Жетісайдың даласы, Байрайды көп, қарашы. Туған осы қалада, Мен қазақтың баласы.
© Жетісай қаласы
Жетісайым тұрғанда
Жетісайым тұрғанда, Жадырайды жанымыз. Күн күлімдеп көгімде, Шырайлы атар таңымыз.
© Жетісай қаласы
Жетісайым, Жетісай
Жетісайым, Жетісай, Жанға жайлы мекенім. Ақ мақтаның отаны, Сені мақтан етемін.
© Жетісай қаласы
Жетісайдың ақ таңы
Жетісайдың ақ таңы, Жанымызды тербейді. Туған қалам Жетісайым, Құлауға жол бермейді.
© Жетісай қаласы
Жетісайым оңтүстік
Жетісайым оңтүстік, Қаламсың сен дарамсың. Туған қалам, мекенім, Сенен қуат алам шын.
© Жетісай қаласы
Сенде туған балаңмын
Жетісайым жүрегім, Сені ойлап жүремін. Сенде туған балаңмын, Арнап жүрер тілегін.
© Жетісай қаласы
Сені жақсы көремін
Жетісайым мекенім, Сені жақсы көремін. Алыс жүрсем өзіңнен, Құстай ұшып жетемін.
© Жетісай қаласы