Бөлім: «Жұмбақтар»

Жұмбақ – адамның ой-өрісін, алғырлығын, білімін сынау мақсатында нақты бір зат немесе құбылыс тұспалдап сипатталатын шағын әдеби жанр.
Жұмбақ жанры дүние жүзі халықтары әдебиетінің көпшілігінде бар. Бұл жанрға Аристотель “Жұмбақ – жақсы жымдасқан метафора” деп анықтама берген. Жұмбақ әдебиеттің ежелгі үлгілерінде, ауыз әдебиетінде жиі кездесетіндіктен оны ғылымда “фольклорлық жанр”, “халықтық поэзияның шағын түрі” деп санау орын алған. Алайда, қазіргі заман әдебиеті өкілдерінің, әсіресе, балалар әдебиеті авторларының шығарм-ғында Жұмбақтар топтамасы жиі кездеседі. Сондықтан оны тек фольклорлық жанр аясында шектеуге болмайды.
42 әріпке алфавит жұмбақтар жауабымен
«Əлiппеде» жоқ,Қаламда бар.Əрiптерде жоқ,Ғаламда бар.(А)Сəбитте бар,Ғабитте жоқ.Мəлiкте бар,Хамитте жоқ.(Ə)Балда бар,Қантта жоқ,Байда бар,Халықта..
©  Ескен Елубаев
Жыланда жоқ,Шаянда бар.Бұланда жоқ,Баянда бар.(Я)
©  Ескен Елубаев
Қоюда бар,Сұйықта жоқ.Тоюда бар,Тұйықта жоқ.(Ю)
©  Ескен Елубаев
Эшалонда бар,Керуенде жоқ.Эрмитажда бар,Серуенде жоқ.(Э)
©  Ескен Елубаев
Шинельде бар,Тонда жоқ.Кительде бар,Қолда жоқ.(Ь)
©  Ескен Елубаев
Онда жоқ,Бiрде бар.Қойда жоқ,Пiлде бар.(I)
©  Ескен Елубаев
Ұзында бар,Тапалда жоқ.Қызылда бар,Қатарда жоқ.(Ы)
©  Ескен Елубаев
Разъезде бар,Ауылда жоқ.Съезде бар,Қауымда жоқ.(Ъ)
©  Ескен Елубаев
Тəттiде жоқ,Ащыда бар.Қаттыда жоқ,Тұщыда бар.(Щ)
©  Ескен Елубаев
Балтада жоқ,Шалғыда бар.Қалтада жоқ,Шаңғыда бар.(Ш
©  Ескен Елубаев
Сербте жоқ,Чехта бар.Гербте жоқ,Чекте бар.(Ч)
©  Ескен Елубаев
Сырықта жоқ,Циркте бар.Сыныпта жоқ,Цинкте бар.(Ц)
©  Ескен Елубаев
Сарада жоқ,Гауһарда бар.Қалада жоқ,Шаһарда бар.(Һ)
©  Ескен Елубаев
Ахметте бар,Айшада жоқ.Шахматта бар,Қайшада жоқ.(Х)
©  Ескен Елубаев
Мыста жоқ,Фосфорда бар.Қышта жоқ,Форфорда бар.(Ф)
©  Ескен Елубаев
Əнде жоқ,Күйде бар.Пəнде жоқ,Үйде бар.(Ү)
©  Ескен Елубаев
Жұртта бар,Бiзде жоқ.Бұлтта бар,Күзде жоқ.(Ұ)
©  Ескен Елубаев
Науада бар,Бұлақта жоқ.Жуада бар,Жырақта жоқ.(У)
©  Ескен Елубаев
Шашта жоқ,Мұртта бар.Баста жоқ,Құртта бар.(Т)
©  Ескен Елубаев
Табақта жоқ,Кеседе бар.Қабақта жоқ,Көседе бар.(С)
©  Ескен Елубаев
Қарда бар,Шықта жоқ.Жарда бар,Ықта жоқ.(Р)
©  Ескен Елубаев
Партада бар,Тақтада жоқ.Пальтода бар,Қалтада жоқ.(П)
©  Ескен Елубаев
Елiкте жоқ,Көлiкте бар.Берiкте жоқ,Бөрiкте бар.(Ө)
©  Ескен Елубаев
Шорқақта бар,Ақында жоқ.Қорқақта бар,Батырда жоқ.(О)
©  Ескен Елубаев
Менде бар,Меңде жоқ.Сенде бар,Сеңде жоқ.(Н)
©  Ескен Елубаев